Қазақстан • 05 Мамыр, 2021

Шетелден келгендердің барлығында ПТР анықтамасы болған

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Оңтүстік Корея, Грузия, Мальдив Республикасы, Түркия, Украина, Армения, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шетелден келгендердің барлығында ПТР анықтамасы болған

Өткен тәулікте 3676 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 894 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 634 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 564 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 228 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 207 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.