Өнер • 05 Мамыр, 2021

«Қазақфильмнің» үздік 50 киносын онлайн тамашалауға болады

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақфильмнің» коллекциясындағы үздік 50 кинотуынды тұңғыш қазақстандық QAZAQSHA онлайн-кинотеатрына көрсетілімге шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақфильмнің» үздік 50 киносын онлайн тамашалауға болады

Олардың арасында әр жылдары киностудия түсірген, қазақ киносының «Алтын қорына» енген, көрермендердің сүйікті фильмдері: «Біздің сүйікті дәрігер» (реж. Ш.Айманов), «Менің атым Қожа» (реж.А.Қарсақбаев), «Тақиялы періште» (реж. Ш.Айманов), «Қыз Жібек» (реж. С.Қожықов), сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары түсірілген: «Құрақ көрпе» (реж. Р.Әбдірашев), «Әкем екеуіміз» (реж. Д.Саламат), «Мұстафа Шоқай» (реж. С.Нарымбетов), «Біржан сал» (реж. Д.Жолжақсынов), «Қызғылт қоян туралы хикая» (реж. Ф.Шарипов), «Жерұйық» (реж. С.Тәуекел), «Оралман» (реж. С.Құрманбеков), «Талан» (реж. Б.Қалымбетов), «Он алты қыз» (реж. Қ.Мустафин) т.б. туындылар бар. 

«Қазіргі таңда онлайн кинотеатрлар – дистрибуция үшін таптырмас даңғыл жол, сондықтан «Қазақфильм» көрермендерге өз контентін жаңа ыңғайлы алаңда ұсынуға шешім қабылдады»,  дейді киностудия вице-президенті Айдар Баталов. 

Қазақ тіліндегі кинотуындыларды QAZAQSHA online-кинотеатрында BeeTV, AlmaTVBOX, Tele2TV, AltelTV мобильдік қосымшалары арқылы көруге болады.