ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Быструха ауылындағы Заречная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй ауласында өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жеткенше шаруашылық қора-жайлардың ағаш құрылымдары жанып кетті. Сондай-ақ тілсіз жау 10 тонна шөпке тарап кеткен.
«Өрт сөндірушілер көп ұзамай жалпы ауданы 100 шаршы метрге жеткен қызыл жалынды өшірді. Ең бастысы, тұрғын үйге бір метр ғана қалған өрттің әрі қарай таралуына жол берілмеді», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына отты пайдалану кезіндегі салғырттық себеп болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 6 адам мен 2 техника жұмылдырылды.