Қазақстан • 05 Мамыр, 2021

Жер кадастры бойынша мемлекеттік қызметті қайдан алуға болады?

34 рет көрсетілді

Биылғы 30 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (МЖК ААЖ) техникалық ақау туындаған еді. Соның салдарынан электронды түрде бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмады.

Қазіргі таңда eGov.kz порталында «Жер учаскелеріне актілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау», «Жобаланатын жер учаскесін МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісу», «Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру», «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметтері қолжетімсіз.

Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін МЖК ААЖ сервистері өзгертіледі. Оған дейін жер кадастры бойынша барлық мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылады.

«Біз клиенттерді өз бөлімшелерімізде қабылдауды шештік, өйткені алған жауапкершілігімізді және осындай қызмет түрлерін ұсыну бойынша мүмкіндіктерімізді түсінеміз. Біз операторлардың кеңес беру жұмысын қайта жедел бағдарлап, оларға арнайы оқыту өткіздік, бұл жағдайды тез шешуге мүмкіндік береді. Сервисті түрлендіру процесі аяқталғаннан кейін жер кадастры бойынша қызметтер eGov.kz арқылы қайтадан қолжетімді болады. Бүгінде клиенттерге қызмет алу үшін жер телімі орналасқан ауданға қарасты ХҚО-ға жүгіну қажет»,  деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Соңғы жаңалықтар

Жоспарын жоққа шығарды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Үздік ондықта Головкин жоқ

Кәсіпқой бокс • Кеше

Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Кәсіпқой бокс • Кеше

«Динамодан» жеңілді

Хоккей • Кеше

Креативті кітап дүкені

Аймақтар • Кеше

Жанбота жарап тұр

Спорт • Кеше

Ақын тұтынған кесе

Тарих • Кеше

Ұқсас жаңалықтар