Қазақстан • 06 Мамыр, 2021

Өткен тәулікте шетелден 3329 авиажолаушы келді

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Оңтүстік Корея, Грузия, Беларусь Республикасы, Түркия, Израиль, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте шетелден 3329 авиажолаушы келді

Өткен тәулікте 3329 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 936 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 590 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 280 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 154 жолаушы;

Павлодар қаласының әуежайына – 1 рейс, 5 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 298 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 66 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

Соңғы жаңалықтар