Әлем • 07 Мамыр, 2021

Түркия күзге дейін өз вакцинасын жасап шығарады

54 рет көрсетілді

Түркияда жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина биыл күзде толық дайын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы брифингте айтты.

«Түркияда коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцина жасау жұмысы белсенді жалғасып жатыр. Биылғы қыркүйек-қазан айларына дейін осы жұмыстың нәтижесін көреміз деген ниет бар» деп атап өтті түрік көшбасшысы.

Оның айтуынша, отандық вакцина Түркиядағы сұранысты ғана жауып қоймай, басқа елдерге де таратылады.

«Анкара сұраныс жолдаған әлемнің кез келген еліне вакцина жеткізуге дайын» деді Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинмен ресейлік Спутник V вакцинасын сатып алу жайын талқылаған болатын.

«Бұл жерде әңгіме Түркияға жеткізілетін екпенің өте қомақты көлемі жайында болып отыр. Сосын біз Түркияда бірлескен өнеркәсіпті іске қосамыз» деп түйіндеді Р.Ердоған.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Лондонда тойланды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 10:52

Алматыда жылу жүйесі жарылды

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Парижде Абай бюсті ашылды

Руханият • Бүгін, 10:28

6 өңір «сары» аймақта тұр

Коронавирус • Бүгін, 09:43

Талантты жастар танылды

Өнер • Бүгін, 09:33

«Төрттік финалдан» тыс қалды

Футбол • Бүгін, 09:31

Құлпырған Қызбел

Аймақтар • Бүгін, 09:26

Отар ауылындағы оңды тірлік

Аймақтар • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар