Экология • 10 Мамыр, 2021

Қазақстан мен Ресей арасында трансшекаралық қорық құрылады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Қазақстанның биологиялық алуандығын сақтау бағытындағы шаралар туралы ақпар берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен Ресей арасында трансшекаралық қорық құрылады

«Қазір Қазақстанның биологиялық алуандығын сақтау қауымдастығы Михаэль Зукков қорымен бірлесіп Орталық Азияның қоңыржай шөлдерін сақтауға бағытталған CADI жобасын іске асыруда», деп жазды Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында.

Аталған ұйымдар Батыс Қазақстанда құрылған табиғи резерват пен Ресейдің Волгоград облысындағы «Эльтон көлі» биосфералық қорығының аумағын бірге қамтитын трансшекаралық биосфералық қорық құру жоспарын қолдауға дайын отыр.

«Табиғи резерват құрылғаннан кейін Ресей Федерациясымен трансшекаралық қазақ-ресей биосфералық қорығын құру бойынша келіссөздер басталады», деп жазады Премьер-Министрдің орынбасары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында Бөкейорда табиғи резерватын құру жобасы аяқсыз қалмайтынын мәлім еткен болатын.