«Бүгін біздің өңір үшін өте ауыр күн болды. Өрт кезінде қаза тапқан кент тұрғыны Галина Филаретовна Спивакованың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға зор денсаулық пен тезірек сауығуларын тілеймін.
Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан сіздерге жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіледі. Өрттен зардап шеккендердің барлығы баспана алады», деді кездесу кезінде Даниал Ахметов.
Әкім бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін айтты.
Қазіргі уақытта, расталған ақпаратқа сәйкес, 35 үй мен 9 ғимарат өртенді.
«Алдын ала есеп бойынша, тұрғын үй мәселесін толық шешу үшін бізге екі жарым ай қажет.
Тұрғындармен кездесу барысында жұмыс жоспарына тоқталып, барлық жағдайды бүкпесіз баяндап бердім. Риддерде салынып бітпеген бірнеше көпқабатты үйлер бар, оларды біз сатып алып, құрылысын аяқтауды межеге алып отырмыз. Бұл баспаналар кірпіштен жасалған, бүгін кездесуден кейін біреуінің жағдайын жеке өзім барып көрдім. Таңертең құрылыс компанияларымен бірге қалған үйлерді бағалап шығамыз.
Егер кімде-кім көпқабатты тұрғын үйден бас тартса және ескісін жөндеуді талап етсе, біз оны жөндейміз.
Құжаттарды қалпына келтіруге қатысты айтар болсам. Полиция департаменті мен ХҚКО ертеңнен бастап бұл жұмыспен айналысады. Барлық құжаттарды бірқалыпты тәртіпте қалпына келтіреміз.
Мүліктік шығындарға келетін болсақ, төлемдер заңға сәйкес жүзеге асырылады. Арнайы комиссия жұмыс істеп, шығындардың құнын анықтайды және заңнама ережелеріне сәйкес өтемақымен айналысады», деді өңір басшысы.
Айта кетейік, Агротехникалық колледж жатақханасы мен профилакторий базасында өрттен зардап шеккендерді қоныстандыру үшін орындар ұйымдастырылды.
Ал өрттің шығу себебі алдағы екі-үш күнде анықталуы мүмкін.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше