Оқиға • 11 Мамыр, 2021

Алматыда екі жүргізуші жолға таласып, төбелесті

1662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда екі жүргізуші жолға таласып, біреуі екіншісін есінен тандырып, төбелес орнынан кетіп қалды деп хабарлайды, Egemen.kz.

Алматыда екі жүргізуші жолға таласып, төбелесті

Оқиға 4 мамыр күні Каблуков көшесінде орын алған. Зардап шеккен жүргізушінің туысы шамамен 14.00-де Infiniti жүргізушісі қарсы жолға шықпақ болып, Toyota Mark II көлігіне жол бермегенін хабарлады.

«Белгісіз себептермен ол бауырыммен қақтығысып қалды. Сондай-ақ есінен танғанша аяусыз ұрып, жатқан жерінде қалдырып кетті. Біз полицияға шағымдандық, бірақ нәтиже болмады. Бауырымның ауруханада жатқанына алты күн болды. Ешкім әлі кешірім сұраған жоқ», деді жарияланым авторы әлеуметтік желілерде.

Полиция өкілдері қазір бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеп жатқанын хабарлады.

«Ол қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өтініш берушінің жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесінде іс бойынша процестік шешім қабылданып, мән-жай анықталады», деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.