Заманауи және цифрлық технологиялар қолданылатын нысан пайдалануға берілгеннен кейін, ол әлемдегі мыс концентратын өндіретін ірі кәсіпорындардың қатарына қосылуға мүмкіндік алады. Жобаға 1,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынады. Мұнда қосымша 1200 жаңа жұмыс орны ашылады.
Президент комбинаттың құрылысын аяқтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында іске қосуды тапсырды. Олег Новачук компания қызметкерлері Мемлекет басшысының тапсырмасын барынша қысқа мерзімде орындап, жоспарға сәйкес өнім өндіре бастайтынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмысшыларға жасалып жатқан жағдай жайында, атап айтқанда, оларды баспанамен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру туралы баяндалды.