Қазақстан • 11 Мамыр, 2021

Америка университетінің магистранты «Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауының жеңімпазы болды

93 рет көрсетілді

Бүгін 2 ай бойы жалғасқан «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты халықаралық бейне материалдар байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми марапаттау рәсімі онлайн режимінде ZOOM платформасында жүргізілді. Онлайн іс-шараға АҚШ, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан университеттерінің студенттері мен магистранттары, профессорлары мен оқытушылары қатысты.

Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Жолдасбекова Ақбота Ниязқызы құттықтау сөзбен ашты. Университет проректоры халықаралық байқау Қазақ Елінің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін халықаралық деңгейде насихаттауды, жастардың болашаққа сенімі мен отансүйгіштік сезімдерін күшейтуді мақсат еткенін айтты.

 123

Осындай жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілген байқаулар университеттің халықаралық беделін өсіріп, ғылыми байланыстарын кеңейтетініне сенім білдірді. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 25 жылдық мерейтойлар 2-ші рет өткізіліп отырған халықаралық байқаудың идеологиялық мазмұнын байытқанын жеткізді. ЕҰУ Проректоры Ақбота Жолдасбекова халықаралық байқауға қатысушыларға, байқау жеңімпаздарына, ұйымдастырушыларға мол табыстар мен шығармашылық шабыттарының шарықтай беруін тіледі.  

 2132

Бұдан кейін халықаралық байқауды ұйымдастыру Комиссиясы Төрағасының орынбасары, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қ.Ө.Сақ, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі С.М.Дүйсенғазы және байқау идеясының авторы, жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұ.М.Есенбекова байқаудың идеясы, концепциясы мен байқауға келіп түскен жұмыстардың мазмұны мен кәсіби деңгейі туралы баяндады.

Байқауды ұйымдастырушылар барлық жұмыстар онлайн форматта өткеніне қарамастан, халықаралық шараның идеясында жазылған құндылықтардың дұрыстығы дәлелденіп, мақсаттардың барлығына қол жеткендігін атап өтті.

 456

Байқау идеясының авторы профессор Ұлбосын Есенбекова байқауға қатысушы студенттер мен магистранттардың жасампаз энергиясы, шығармашылық қуаты «Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауында барынша көрінгенін  жеткізді.

Байқауға қатысушы жастардың теориялық және практикалық қабілеттері осындай шығармашылық ортада барынша шыңдалатынын, отандық және шетелдік университеттердің арасындағы осындай байланыстардың тиімді екені анық.

Халықаралық байқауға қолдау көрсеткен ЕҰУ Ректоры Е.Б.Сыдықов «Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауының Гран При, I-ші дәрежелі, II-ші дәрежелі және III-ші дәрежелі дипломдар мен арнайы номинациялармен марапатталған жұмыстарға сыйлықтар тағайындады. Бұл сыйлықтардан бөлек Байқау идеясының авторы профессор Ұ.М.Есенбекова жеңімпаздарға өзінің атынан қосымша сыйлықтар тапсырды. 

 4546

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Проректоры Ақбота Жолдасбекова «Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауының Гран При жүлдесін америкалық Мичиган университетінің магистранты Молдағалиева Мөлдір жеңіп алды. «Елімді аңсап...» атты бейне материалы байқауға келіп түскен ең үздік жұмыс деп аталды.

 4564

Байқаудың I-ші дәрежелі, II-ші дәрежелі және III-ші дәрежелі дипломдарымен Қазақстан, Түркия, Қырғызстаның, Ресейдің университеттерінің білім алушылары марапатталды.

Бұдан басқа байқаудың 17 номинациясы бойынша  жеңімпаздар да анықталды. «Біріккен Ұлт жеңеді!» байқауы тарихи тұлғаларымыз бен қазақтың қайраткер азаматтарының еңбектерінің ұмытылмайтынын дәлелдеп берді.

ффф
Байқау қорытындысын ресми жариялауға арналған конференцияда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз Хатшылығының басшысының орынбасары Думан Хамитұлы, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматы филиалының директоры Сауле Жанибекқызы Жиреншина, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының директоры Еркін Таңатқанұлы Мухамеджанов, «Хабар» арнасының бас редакторы, «Хабар» Агентігінің Көркемдік кеңесінің төрағасы Айдос Тұрысбек, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің Бас директоры Ысқақ Егембердиев, Қазақстан Журналистер Одағы, Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай байқау жеңімпаздарын және байқауды өткізу идеясының авторы, жетекшісі, Қазақ теледидарының Жоғары дәрежелі дикторынан бастап, «Қазақстан» ұлттық телеарнасында басшылық қызметтер атқарған белгілі тележурналист, ЕҰУ профессоры Ұ.М.Есенбекованы 50-жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл да әріптестер мен ұстаз, шәкірт арасындағы сыйластықтың үлгілі көрінісі болды.

ффф

Жеңімпаздарды ресми марапаттау рәсімінде байқауды өткізуге белсенді қатысқан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Пернебекова Айжан Пернебекқызына, басқа да оқытушылар мен білім алушылардың еңбектері ерекше аталып өтіп, алғыстар айтылды.

ффф

 

 

Соңғы жаңалықтар

Доллар қайтадан қымбаттады

Қаржы • Бүгін, 15:00

Ұқсас жаңалықтар