Әлем • 12 Мамыр, 2021

Қазандағы қантөгістен қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Татарстанның Қазан қаласындағы №175 гимназияда болған атыста қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазандағы қантөгістен қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті

11 мамырда қайтыс болған екі мұғалім мен жеті жасөспірімді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Ұлдардың бірі Қазандағы мұсылман зиратына жерленді, рәсімге тек туыстары қатысты. Тағы бір жасөспірім туған жерінде, Малые Клыки ауылында жерленді. Екі мұғалім Константиновка және Самосырово ауылдарында жер қойнына тапсырылды.

Татарстан президенті Рустам Минниханов билік өлгендерді жерлеуді қаржыландыруды және ұйымдастыруды өз мойнына алуға уәде берді.

Сондай-ақ қоштасу рәсіміне мамандандырылған психиатрлар мен дәрігерлер қатысады деп хабарланды. Негізгі атыс болған 8 «А» сынып оқушыларымен психологтар жұмыс жүріп жатыр. Бүгін республикада ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы мектептердің бірінде 19 жастағы жігіт оқ атып, 9 адам қаза тапты. Олардың арасында 7 бала мен екі мұғалім бар. Жарақат алған 21 адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қамауға алынды.