Қазақстан • 12 Мамыр, 2021

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі қазақстандықтардың саны қанша?

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі қазақстандықтардың саны туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі қазақстандықтардың саны қанша?

«1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 84,4%-ы медициналық сақтандыруға қатысушы болып табылады. Бұл – 15,9 млн адам», деді Болат Төкежанов.

Сондай-ақ ол 2,9 млн қазақстандық Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінен тыс қалғанын атап өтті.

«Сақтандырылмағандардың ішінде 2 млн адам тұрақсыз төлеушілер болып табылады. Яғни, олардан қандай да бір аударымдар мен жарналар алынды, бірақ тұрақты емес. Соның салдарынан берешек пайда болады да және медициналық сақтандыру мәртебесінсіз қалады. Төлемдердің жүйелілігін сақтау маңызды. Тағы 922 мың адам МӘМС үшін бірде-бір рет жарна төлемеген. Олардың саны азайып келеді: жыл басында олар бір жарым есе көп болатын», деді Қор басшысы.