Оқушылардың айтуына қарағанда, жобада қолданылатын ингредиенттің бәрі қауіпсіз деуге болады. Өйткені жоба авторлары тәжірибенің негізгі компоненті ретінде картоптың қабығын, дәлірек айтқанда, крахмалды алған.
– Биопластиктің құрамына әр үйден табылатын реагенттер мен өсімдіктердің қалдығы қолданылады. Біз бұл жобамыз арқылы қоршаған ортаға тасталатын қалдықты кәдеге асыруды ойластырдық. Осылайша, ауа сапасын жақсартуға арналған БҰҰ-ның тұрақты даму саласын қолдауды көздедік, – дейді жоба авторлары Хадиша мен Нұрай.
Енді оқушылар биопластиктің құрамын жетілдіре түспек. Мақсат – шикізатты қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға келетін залалды азайту. Бұл үшін жаңа өнімге полипропилен мен полиэтилен қалдығын қосу көзделіп отыр.
Атырау облысы