Экология • 17 Мамыр, 2021

Елордада «Taza Alem-2021» жобасы басталды

706 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Елордада «Taza Alem-2021» жобасы экологиялық сенбіліктен басталды. Сенбілік аясында Қорғалжын тас жолы бойына көшеттер егілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «Taza Alem-2021» жобасы басталды

TazaAlem мәдени-бұқаралық жобасы Нұр-Сұлтан әкімдігі мен әкімдіктің «Астана жастары» КММ бастамасымен құрылған.

«Біз биыл TazaAlem жобасы аясында мұқтаж адамдарға, зейнеткерлерге, ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне көмектесуді жоспарлап отырмыз. Қыста аулаларды қардан тазалап, жазда жөндеу жұмыстарына көмектесеміз. Былайша айтқанда, волонтерлікпен айналысамыз. Біз сондай-ақ шетелде кең тараған сенбіліктің ерекше форматы – плоггингті енгіздік. Оны «спорт пен сенбілік» деген сөз тіркесімен сипаттауға болады. Осындай форматтың арқасында әдеттегі қоқыс жинауды командалар жарысына айналдырамыз. Мысалы, қоқысты кім көп және жылдам жинайды деп сайысуға болады», деді «Астана Жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Оның айтуынша, жаңа форматтағы сенбіліктерге елордалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, оқушыларды, студенттер мен Елорда тұрғындарын да тарту жоспарланып отыр. Сенбілік өткізілетін аумақ ағаш санына байланысты таңдалады. Егер олар аз болса, аудан әкімдігімен келісе отырып, аумаққа ағаш егіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 1000-нан астам көшет отырғызу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, елорданың барлық ауданында «Бірге — Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдік саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандырады. Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары серуендейтін орын құруға, сонымен қатар қаланың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.