Өнер • 18 Мамыр, 2021

Батырхан Шүкеновке қойылатын ескерткіштің бірнеше нұсқасы дайын болды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші Батырхан Шүкеновтың Елордада орнатылатын ескерткішінің алғашқы эскиздері пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батырхан Шүкеновке қойылатын ескерткіштің бірнеше нұсқасы дайын болды

Нұр-Сұлтан әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің ең үздік эскиз-идеясына байқау жариялаған, ол мамыр соңына дейін жалғасады. Ескерткіштің алғашқы эскиздері пайда болды, онда композитор әртүрлі нұсқада, оның ішінде сүйікті аспабы - саксофонмен бейнеленген.

Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасында — оң жағындағы төменгі бұрышта «Кері байланыс» арқылы, сондай-ақ [email protected] поштасына жіберуге болады.

Қалалық саябақта әнші және композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарлануда. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Бүгін, яғни 18 мамырда композитор 59 жасқа толар еді. Әнші 2015 жылы 28 сәуірде Мәскеуде қайтыс болған.

Оның қайтыс болғаны туралы хабар бүкіл елді, миллиондаған тыңдарманын есеңгіретіп жіберді.