Аймақтар • 19 Мамыр, 2021

Тәртіпке бағынбаған азамат түрмеге тоғытылды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін заң бұзып, есепте тұрған сотталушы жаза тәртібін сақтамағаны үшін темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіпке бағынбаған азамат түрмеге тоғытылды

Пробациялық есепте тұрған Көкпекті ауданының 47 жастағы тұрғыны сегіз ай бұрын кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға қатысты міндеттерін орындамағаны үшін істі болып, бір жылға бас бостандығы шектелген еді.

Көкпекті аудандық №1 пробация қызметінің хабарлауынша, бұл жолы ол мас болып, қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған. Сондай-ақ сотпен тағайындалған мәжбүрлі жұмыстарға үш рет шықпаған.

Азаматты есепке алу кезінде оған пробация қызметкерлері жазаны орындау тәртібін, сотпен жүктелген міндеттер мен пробациялық бақылаудың шарттарын түсіндірген. Жаза тәртібін бұзған жағдайда бас бостандығынан айырылатынын да ескерткен. Тіпті, көмек ретінде ақылы-қоғамдық жұмысқа орналастырған. Алайда, көкпектілік азамат тәртіпке бағынбаған. Енді шектеу жазасы 4 ай 6 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілді.