Жерлесіміз финалдық сында баттерфляй әдісімен жүзу бойынша 50м қашықтықты 35,78 секундта жүзіп өтіп, мәреге бірінші жетті. Айта кететін бір жайт, дәл осы қашықтық Сиязбек үшін негізгі болып табылады, 2018 жылы Джакартада өткен Азия параойындарында да осы әдіспен жүзуде алтын медаль иеленген болатын.
Әзірше Сиязбектің жүлдесі командамыз үшін жалғыз болып тұр. Португалияның Мадейра аралында өтіп жатқан жарыс 20 мамыр күні аяқталады.