Аймақтар • 26 Мамыр, 2021

Алматы облысында жол бойында тұрған автокөлік жанып кетті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт 25 мамырда сағат 17:20-да Алатау ауданында Райымбек даңғылы бойында, 550/12 үйдің жанында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында жол бойында тұрған автокөлік жанып кетті

«Жол апаты салдарынан 1992 жылы шыққан «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігі жанған. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі АЦ-5-40-қа сағат 17:30-да келді. 17:35-те өрт жойылды (арада 5 минут өткенде)», деп хабарлады Төтенше жағдай департаменті.

Жеңіл автомобильдегі өрт тез таралып, оны 2-3 минут ішінде толығымен жанып кеткені айтылады. Осыған байланысты қалалық төтенше жағдай департаменті мамандандырылған ТЖО автокөліктерінің электр жабдықтарына қызмет көрсетуді, сақтандырғыштардың орнына «жучоктар» қолданбауды және әрқашан жарамды өрт сөндіргіштері алып жүруді ескертеді.