Қоғам • 27 Мамыр, 2021

Үшбуынды модель – адам құқығын қорғаудың жаңа үлгісі

2345 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін

«Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек». Бұл – заңдылық пен әділеттілікті толық қамтамасыз етуді тапсырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында басымдық берген мәселенің бірі.

Үшбуынды модель – адам құқығын қорғаудың жаңа үлгісі

Жолдауда Президент адам құқын қорғауға бірден-бір жауапты – полиция, прокуратура мен сот өкілеттіліктерінің аражігін нақты ажыратып беретін үш буынды модель құруды тапсырды. «Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек», деп негізгі бағыт-бағдарды да айқындап берді.

Президент тапсырмасынан­ кейін елімізде қылмыстық про­цес­тің үш буынды моделі енгізілді. Өткен жылдың соңынан бастап ІІМ мен прокуратура осы модель аясында айыптау ұстанымын азай­тып, қылмыстық процеске заң­сыз араласуды болдырмайтын қа­нат­қақты жобаларын да іске қосты.

Үш буынды модельде полиция­ның міндеті не? Прокурор немен ай­налысуы қажет? Сот ор­ган­­дарының мақсаты қандай? Әуел­ден полиция қызметкерлері қыл­мыс­ты анықтап, күдіктілерді та­уып, айғақ жинаумен айналысады. Ал прокурордың міндеті – осы ай­ғақ-дә­лелдемелерге тәуелсіз баға беру, тергеу, анықтау іс-шара­ла­ры кезінде азаматтар құқық­тары­ның бұзылуына жол бермеу. Яғни кінәсіз адамның сотталып кетпеуіне, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. Ал судья полиция мен прокурор ұсынған мә­лі­меттерді сараптай келе, соңғы шешім шығарады. Ақты ақ, қараны қара деп үкім кесуі тиіс. Бұл үш ор­ганда бұрыннан келе жатқан «жұмыс істеу тәсілі». Мұндай тә­сіл Жолдауда да «тепе-теңдік жүйесін нығайтып, әр кезеңде тиім­ді саралау жүргізіп отыруға мүм­кіндік береді» деп бағаланған.

Ал биылдан бастап енгізілген жаңа модель нені өзгертті? Қандай ба­сым­дыққа көңіл бөлінді? Жалпы қыл­мыс­тық процестің үш буынды моделінің ерек­шелігі неде? По­лиция, прокуратура мен сотты жаңа модельге бейімдеу үшін не қажет? Қылмыстық істегі «қателік­тер» дегеніміз не? Қылмыстық процестегі адам тағдырына жауапты үш буынның шешімдері неліктен үйлесім таба бер­мейді? Көптің көкейінде жүр­ген осы сұ­рақтарды біз қылмыстық процес­тегі үш буын: полиция, прокуратура мен сот өкіл­деріне қойған едік.

Адам құқығын қорғауға бірден-бір жауапты – полиция, прокуратура мен сот өкілеттіліктерінің ара жігін нақты ажыратып беретін үш буынды модель құруды тапсырды. «Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек», деп негізгі бағыт-бағдарды да айқындап берді.

Президент тапсырмасынан­ кейін елімізде қылмыстық про­цес­тің үш буынды моделі енгізілді. Өткен жылдың соңынан бастап ІІМ мен прокуратура осы модель аясында айыптау ұстанымын азай­тып, қылмыстық процеске заң­сыз араласуды болдырмайтын қа­нат­қақты жобаларын да іске қосты.

Үш буынды модельде полиция­ның міндеті не? Прокурор немен ай­налысуы қажет? Сот ор­ган­­дарының мақсаты қандай? Әуел­ден полиция қызметкерлері қыл­мыс­ты анықтап, күдіктілерді та­уып, айғақ жинаумен айналысады. Ал прокурордың міндеті – осы ай­ғақ-дә­лелдемелерге тәуелсіз баға беру, тергеу, анықтау іс-шара­ла­ры кезінде азаматтар құқық­тары­ның бұзылуына жол бермеу. Яғни кінәсіз адамның сотталып кетпеуіне, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. Ал судья полиция мен прокурор ұсынған мә­лі­меттерді сараптай келе, соңғы шешім шығарады. Ақты ақ, қараны қара деп үкім кесуі тиіс. Бұл үш ор­ганда бұрыннан келе жатқан «жұмыс істеу тәсілі». Мұндай тә­сіл Жолдауда да «тепе-теңдік жүйесін нығайтып, әр кезеңде тиім­ді саралау жүргізіп отыруға мүм­кіндік береді» деп бағаланған.

Ал биылдан бастап енгізілген жаңа модель нені өзгертті? Қандай ба­сым­дыққа көңіл бөлінді? Жалпы қыл­мыс­тық процестің үш буынды моделінің ерек­шелігі неде? По­лиция, прокуратура мен сотты жаңа модельге бейімдеу үшін не қажет? Қылмыстық істегі «қателік­тер» дегеніміз не? Қылмыстық процестегі адам тағдырына жауапты үш буынның шешімдері неліктен үйлесім таба бер­мейді? Көптің көкейінде жүр­ген осы сұ­рақтарды біз қылмыстық процес­тегі үш буын: полиция, прокуратура мен сот өкіл­деріне қойған едік.

 ПОЛИЦИЯ:

Қылмыстық процестің сапасын арттырудағы жаңа серпін

Жолдаудан: «Қылмысты анық­тай­тын жедел қызмет өкіл­дері мен про­цес­суалдық шешім қабылдайтын тер­­геушілер қыл­мысты ашып, істі сот­қа жі­беруді басты мақсат санайтын бір бас­шының қарамағында бірге жұмыс істейді. Алайда көр­сеткіш қуа­лау азамат­тардың құ­қығы мен бос­тандығына нұқ­сан келтірмеуге тиіс!»

ІІМ Тергеу департаментінің бас­қарма басшысы Ермек Шүлден үш буынды сот төрелігінің моделі барлық елдерде қол­данылатынын айтады. «Бұл модельде қылмыстық процеске үш буын жауап береді: полиция, прокуратура және сот. Бұл құрылымдар арасындағы өкі­лет­тіктер де нақты анық­талған», дейді ол.

Басқарма басшының айтуынша, мұндай шектеу негізсіз әрі заң­сыз ше­шім­дерден қорғап қана қой­май, қыл­мыстық процестің заң­дылығын қам­тамасыз етуде түр­лі құқық қорғау ке­дер­гілерді ту­дырады. Өйткені үш буынды жүйе­нің әр кезеңі қылмыстық істі сот­­қа жетпей тұрып жіті сүзгіден өткізіп шығады.

«Мемлекет басшысының тап­сырмасымен өткен жылдың жел­тоқ­санында қылмыстық процесте азаматтардың құқық­та­рын қорғауды күшейту және сы­­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­­мыл мәселелері бойынша заң қа­был­дан­ғанын білесіздер. Осы заңға сәйкес 2020 жылдың 31 жел­тоқсанынан бастап прокурор адам құқықтары мен бостан­дық­тарын қозғайтын негізгі про­цес­тік шешімдердің барлығын келі­седі. Атап айтқанда, күдікті деп тану, күдіктінің біліктілігін айқындау, бұлтар­тпау шарасын қолдану туралы қаулылардың барлығы ендігі таңда прокурормен келісіледі. Жаңа модельдің бұ­рын қолданыста болған тәртіптен басты тұжырымдамалық айырмашылығы да осында. Бұдан былай прокурор тергеу барысында келісім беру арқылы шешім шығарады. Тергеуші айғақтарды, дәлелдерді тауып, анықтап, осының барлығын қылмыстық іс материалдарына тіркейді. Бұрындары прокурормен келісімге дейін тергеуші мұн­дай шешімдердің барлығын өзі шы­ғара беретін. Ал прокурордың тер­геу бары­сында бұл шешімдерді қа­былдауға қатысты қандай да бір келісім беруге, араласуға құ­қы жоқ болатын», дейді Ермек Сыпабекұлы.

ІІМ бұл жаңашылдықты қабыл­дамас бұрын қанатқақты жо­баны қолға алған болатын. Мұндағы басты мақсат – қылмыс­тық процестің үш буынды моделін енгізу кезінде қандай да бір кем­­шіліктерге жол бермеу еді. Бүкіл рес­публика көлемінде іске асы­рыл­ған жоба шеңберінде полиция прокурордың негізгі процестік ше­шімдерді енгізу және келісу жүйесін мақұлдаған.

Осылайша жыл басынан бері тергеу органдары 104 мыңнан астам негізгі процестік шешім қа­былдап, соның барлығын про­ку­рор­ға келісуге жіберген. Соның нә­тижесінде 43,7 мың шешім соңы­на дейін аяқталып, 25,6 мың­нан астамының мерзімдері тоқта­тылған. 22,5 мыңнан астам ше­шім­ді күдікті деп танылса, 13 мың тергеу істерінде күдіктінің іс-әрекетті сараланған.

«Сондай-ақ, біз қылмыстық қу­далау органдарының материал­дық-техникалық жабдықталуын жақсартуға қол жеткіздік, – дей­ді Е.Шүлден. – Егер 2020 жыл­дың соңына қарай қылмыстық істердің тек 50 пайызы электрон­ды форматта тергелсе, қазір бар­лық қылмыстық құқық бұзу­шы­лықтардың 70 пайызы осындай жолмен тергеледі».

ІІМ өкілінің мәлімдеуінше, қылмыс­тық процестің үш буынды моделін енгізу сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының қыз­мет сапасын біршама жақсартуға мүмкін­дік туғызған. Нақты сандарға сүйе­нер болсақ, жоба қолға алынған жыл басынан бері азаматтардың консти­туциялық құқықтарын бұзу фактілері 2 есеге азайса (86-дан 44-ке), қылмыстық істер­ді қайта тергеуге жолдау фактілері 379-дан 263-ке дейін төмендеген.

«Сонымен қатар, үш буынды модельге толық көшу мақсатында осы жылдың 1 сәуірінен бастап Бас прокуратура мен ІІМ тағы бір­ қанатқақты жобаны бір­лесіп іске­ асыруды жоспарлап отыр. Бұл жоба негізінде кісі өлтіру іс­тері бойынша прокурорлардың не­гізгі іс жүргізу шешімдерін қа­былдау басымдыққа ие бол­мақ.­ Себебі үш буынды модельді ен­гізу – қылмыстық процестің сапа­сын арттыруда жаңа серпін болып табылады. Бастысы біз қан­дай жағдай болсын ең алдымен азаматтардың құқықтарын қор­ғау­ға басымдық береміз», дейді Е.Шүлден.

 ПРОКУРАТУРА:

Басты міндет – адам құқығын қорғау

Жолдаудан: «Прокурорлық қа­даға­­лау­ға келсек, бұл жұмыс үнемі ке­шеуіл­­деп жататынын көреміз. Про­ку­рорлар істің мән-жайымен тек сот­қа жіберер ал­дында ғана танысады».

Қылмыстық процестің өкілет­тіктерін нақты бөле отырып, тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, әр­бір кезеңде тиімді сүзгілер жа­сауға бағытталған үш буынды мо­дель­дің ең маңызды тұсы – про­куратурада. Себебі 2021 жыл­дан бастап қылмыстық істер бо­йынша прокурорға заң бойынша жаңа міндет жүктеліп отыр.­ Ол – адам құқығы мен бостан­дығына қатысты негіз­гі процес­суал­дық шешімдерді ке­лісу мін­деті. Ал мұндағы басты мін­дет – азаматтардың қылмыстық жауап­кер­шілікке негізсіз тартылуын болдырмау.

Қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін енгізу және іске асыру шеңберінде жыл басында тиісті заңға өзгертулер жа­салғанын мәлімдеген Нұр-Сұлтан қа­ласы прокурорының орынбасары Елдос Қилымжанов осы өз­геріс­терге сәйкес іс жүргізудің маңызды қадам­дарын прокурормен келісу институты енгізілгенін де айтып өтті.

«Үш буынды модель бойынша қыл­мыстық процестердің негізгі құжат­тарын прокурормен келісу арқылы жүзеге асыру жыл басынан бері қолға алынып ке­леді. Бұл шындап келгенде тергеушілер үшін де, прокурорларға да өте қолайлы әрі тиімді қадам. Себебі Қылмыстық іс жүр­гізу кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес про­цессуалдық шешімдер дер кезінде келісіліп, істің мән-жайы бірден анықталып отырады. Ең бастысы біз осы арқылы ел Президенті қойған тапсырма – қылмыстық іс­тер кезінде кететін қателік­терге жол бермейміз», дейді про­курор.

Жаңа жүйенің өткен жылдың 31 жел­­тоқсанынан бастап іске асы­рылып келе жатқанын мәлім­де­ген Елдос Қи­лым­­жанов жаңа­ формат енгізілгелі бері азамат­тар­дың конституциялық құқық­тарын бұзу деректерінің бірша­ма төмендегенін де айтып өтті. «Салыс­тырмалы түрде алып қа­райтын болсақ, өткен жылдың бірінші тоқсанында Нұр-Сұлтан қаласындағы құқық қорғау орган­дарында адам құқығын бұзуға қа­тысты 20 дерек анықталған болса, 2021 жыл басталғалы бері небәрі 3 фак­ті анықталған. Бұл – тергеу органдары мен прокуратураның өзара тығыз қа­рым-қатынаста жұ­мыс істеп жатқанын аңғар­тады. Ал жаңа модельдің көздегені де осы – адам құқын бұзбау», дейді ол.

Прокурор жаңа модельді енгізу жедел тергеу жұмысының сапасын арт­­тырып қана қоймай, уақыттан да ұта­тынын айтып өтті. Себебі бұрындары тергеушілер күдіктіге қатысты материал­дар­ды іске тіркегеннен кейін ғана про­куратураға таныстыратын. Ал тергеу ісінен қандай да бір қателік не кемшілік кетсе, іс толығымен кері қайтарылып, осының барлы­ғы уақыт алатын. Ал жаңа жүйе­де тергеу органдарының әр қа­да­мы жіті бақылауда болып, әр шешімдері жан-жақты бағаланып отырылады. Яғни үш буынды­ тың форматта тергеуші мен прокурордың өзара іс-қимылы барынша оңтайландырылған.

 СОТ:

Ұлттық модельдің басымдығы неде?

Жолдаудан: «Заңнаманы қол­да­ну­ға қатысты шешім қа­был­дау кезін­де көбіне тиісті тал­дау мен бол­жам жасал­­­майды. Ше­шім заң қолда­нушы­­­ларға ың­ғайлы болу тұрғы­сынан қа­был­данады. Сондық­тан «әкім­шілік» және «қылмыстық» құ­­қық бұзу­шылықтың жаңа ұғымын қа­лып­­тас­тыру керек. Қоғамға және заң қауым­­дас­­тығына құқық бұзушы­лық үшін жаза белгілеудің қисыны түсі­нікті бо­лады».

«Мемлекет басшысы­ Қасым-­Жо­­март Тоқаевтың: қыл­мыстық процестің үш
буын­­­ды мо­делін енгізу жөніндегі ұсы­нысы – ең бастысы адамдардың құ­қықтары мен бостандықтарын қор­ғауға бағытталған кезекті іс-ша­ралардың бірі», дейді Жоғарғы Сот­тың судьясы Ерден Әріпов.

«Заманына қарай заңы де­мекші, Ата Заңымыз – Қазақстан Рес­публикасы Конституциясының 1-бабына сай мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адам­ның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігін ескерсек, еліміздегі экономикалық, әлеу­меттік және басқа да салаларда орын алып жатқан өзге­ріс­термен қатар сот, құқық қор­ғау жүйелерінің жұмыстарын оң­тай­ландыруға бағытталған реформалар жалғасуда. Қылмыстық про­цес­тің өкілеттіктерін нақты бөле отырып әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, әрбір кезеңде тиімді сүзгілер жасауға бағытталған үш буынды модель де осы рефор­ма­ның бір бөлігі болып табылады», дейді ол.

Рауан Ерденұлы қазіргі таңда сот ісін жүргізудің үш буынды моделін енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мақ­сатында Президент Әкімшілігі жанынан арнайы комиссия және ведомствоаралық жұмыс топтары құрылғанын да айтып өтті. «Осы бағытта қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына енгі­зі­летін тиісті өзгертулер мен толық­ты­рулардың негізгі бағыттары ай­қындалып, олар осы жұмыс топ­тарында жан-жақты талқылану үстінде. Ал үш буынды сот ісін жүргізу моделінің басты ерек­шелігі – қылмыстық қудалау орган­дары, прокуратура және сот­тың өкілеттіктерін нақтылап, бө­луінде және қылмыстық істер бо­йынша басты процессуалдық ше­шімдерді, қылмысты анықтау мен оны тергеуден тәуелсіз орган – про­куратураның қабылдауында», деп түсіндіріп өтті.

«Ұлттық модельде полиция, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер қалай анықталған?» деген сұрағымызға Жоғарғы Сот­тың судьясы: «Полиция, прокурор және сот өкілеттіктерін нақтылап бөлу осы үш буынды модельдің басты басымдығы болып табылады», деп жауап берді. «Біріншісі – қылмыстарды анықтаумен, ашумен және дәлелдер жинаумен айналысады. Содан кейін қылмыстық іс прокурорға жолданады. Дәлелдемелер базасын, күдікті адамға қатысты қылмыстық заңның тиісті баптарының дұ­рыс қолданылуын тексеру, яғни қылмыстық істі объективті түрде қарап, айыптау актісін түзіп, оны сотқа жолдау, содан кейін күдікті адамның кінәлілігі жөніндегі дә­лелдемелерді сотқа тарту про­курорға міндеттелген. Ал іс бо­йынша түпкілікті шешім шығару, бұрынғыдай соттың құзыретінде. Бұл азаматтардың құқықтарын сақтаудың өзіндік фильтрі және заңды кепілдіктері. Бұл орайда, адвокаттарға күдіктіні қор­ғау актісін ұсынуға мүмкіндік беру мәселесін заңдастыру жөнінде тың ұсы­ныс та талқылануда», дейді ол.

Қоғамда полиция-прокуратура-сот «бір қақпаға ойнайтын» ойыншылар деген керағар пікірдің қалыптасып қалғаны белгілі. Қыл­мыстық процестегі үш органның шешімдері бір-біріне керағар шығып, үйлесім таппай жататыны тағы бар. Бұл жөнінде де ойын ортаға салған Е.Әріпов: «Құқық қорғау жүйесінің жұмысында бұрынғы дағды бойынша айып­тау үрдісі әлі де басым. Бұл кем­шілікке Жолдауда Мемлекет басшысы ерекше тоқталды. Шыны керек, мұндай пікір қоғамда да қалыптасқан. Бұған себеп, бүгінгі қолданыстағы тәртіп бойынша қылмысты ашумен айналысатын қызметкерлердің және іс бо­йынша негізгі процестік шешім қабылдайтын тергеушілердің бір құқық қорғау органында жұмыс істеуінде. Ұсынылып отырған модель бойынша қылмысты қудалау органдары өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін қыл­мыстық процестік заң аясында атқарған жағдайда, әрине үш буынның арасында үйлесімді байланыс болатыны сөзсіз», дейді.

Әр кезеңдегі жауапкершілікті арттыру, әр процестік қадамға сарап­тама жасау қылмыстың ақ-қа­расын анықтауға кедергі келтірмей ме? Уақытты өлтіріп алмаймыз ба? Үш буынды модельді енгізу кезінде көптің күдігін тудырған мәселенің бірі осы сұрақтар еді. Алайда судья «әр орган нақты бір қылмысты ашуда, күдікті адамды анықтауда және оның кінәсін дәлелдеуде өздеріне жүктелген процестік міндеттерін, іске қатысы бар адамдардың конс­титуциялық құқықтарын сақтай отырып, заңда бекітілген тәртіпте әділ және заңды атқарған жағдайда кез келген қылмыстың ақ-қарасын анықтауға кедергі келтірмейді», деген уәжін алға тартты. Оның пікірінше, керісінше, уақыт үнемделіп, қылмыс дер кезінде ашылып, аз уақыт ішінде қылмыстық іс сотқа жолданып, кінәлі адам тиісті жазасын алады.

ТҮЙІН. Үш буынды модель – адам құқын қорғаудың заманауи үлгісі. Басқаша айтқанда бұл – полиция, прокуратура мен соттың алдына қойылған жаңа талап. Әрі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сүйенген халықаралық талап.  Біз сөзге тартқан үш тараптың өкілі де қылмыстық процестің жаңа форматы құқық қорғау органдарының жұмысындағы айыптау бағытын жоюға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Ал қарапайым халыққа ең қажеті – механизмнің нақты жұмыс істегені.