Медицина • 27 Мамыр, 2021

Алматы облысында 23 медициналық нысан салынады

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында медициналық құрал-жабдықтармен және санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету деңгейі 90%-ға жетті. Бұл туралы өңір әкімі Амандық Баталов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында 23 медициналық нысан салынады

«Денсаулық сақтау саласында 2020-2021 жылдары коронавируспен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 14 млрд теңге бөлінді. 3 томограф, 18 рентген аппараты, 219 өкпені жасанды желдеткіш, 180 жедел жәрдем машинасы, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Соның нәтижесінде медициналық құрал-жабдықтармен және санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету деңгейі 90% көтерілді», деді А.Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, Талдықорған қаласында қысқа мерзімде 200 орындық модульді инфекциялық аурухана салынды.

«Медициналық қызмет қолжетімді болып, 2025 жылға дейін шалғай елдімекендерді де толық қамту үшін 109 нысан салу көзделген, оның 23-і биыл салынады, сол қатарда 20 блокты-модульді медпункттер де бар. Қазіргі уақытта халыққа вакцина егу жұмыстары жүріп жатыр. 410 мың доза вакцина алынды. Бірінші компоненті 211 мың адамға, екінші компоненті 119 мың адамға салынды. Барлығы 1,1 млн адамды қаму жоспарланған», дейді әкім.