Оқиға • 28 Мамыр, 2021

Қызылордалық полицейлер жоғалған баланы Жалағаштан тапты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27.05.2021 жылы түнгі уақыт 02:00 шамасында полицейлерге Қызылорда қаласында кәмелетке толмаған Бектіораз Сазақовтың жоғалғандығы туралы арыз түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық полицейлер жоғалған баланы Жалағаштан тапты

Жасөспірімді іздестіру жұмыстарына облыстық департамент пен қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды. 

Полиция қызметкерлерінің күшімен қаладағы көп қабатты үйлер шатырлары, өжірелері және ауладағы люктар, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер тексеріліп, қаланың барлық аумағында жоғалған баланың фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары ұйымдастырылды.  

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жоғалған кәмелетке толмаған баланың Жалағаш ауданында тұратын ата-әжесінің үйіне кетіп қалғаны белгілі болды. Қазір ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімнің үйден кетіп қалу себептерін анықтауда.