Қазақстан • 31 Мамыр, 2021

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов қызметінен кетті

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook парақшасында қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов қызметінен кетті

«Достар, мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен өз еркіммен кету туралы шешім қабылдадым. 7 жыл бойы мен мемлекетке қызмет еттім. Өзімді басқа салаларда сынап көрудің уақыты келді. Достар, тұрақты қолдауларыңызға өте ризамын, соның арқасында көп нәрсе атқарылды. Айтылған сындарға қарамастан, маған зор сенім білдірген Білім және ғылым министріне бөлек алғыс айтамын! Мен өзімнің барлық білімім мен қабілетімді халыққа адал қызмет етуге және сізді ұятқа қалдырмау үшін орталықтың игілігіне бағыттауға тырыстым. Білім беру саласындағы ұсынылған басқа да жауапты басшылық лауазымдарға ерекше ризамын. Бірақ, мен қызмет саласын сәл өзгерту керек деп шештім», деген Дидар Смағұлов қызметтен кеткенімен, ҰБТ-ға қатысты жұмыстармен әлі қоштаспайтынын жеткізді.

Айтуынша, бұдан былай министрдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымын қосымша алып жүрмек.

«Достар, ҰБТ-ны бірлесіп адал бәсеке алаңына айналдырайық», деп жазды Дидар Смағұлов.