Коронавирусқа қарсы британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының вакцинасын алғаннан кейін қызметкерден тромбоз диагнозы анықталған.
Туыстарының айтуынша, ол вакцина алғанына бір апта өткен соң, оның басы қатты ауырып, айнала бастапты. Сәуір айында бірнеше еуропалық елдер вакцина алғандардан тромбоздың анықталуына байланысты AstraZeneca вакцинасын пайдалануды тоқтатып, тыйым салған еді.
Алайда әзірлеуші компания вакциналаудан кейінгі 17 миллионнан астам адамның денсаулығын егжей-тегжейлі зерттеп, өкпе эмболиясы, терең тамыр тромбозы немесе тромбоцитопения қаупінің жоғарылауы туралы мәліметтер жоқ екенін алға тартады.