Қазақстан • 03 Маусым, 2021

Өткен тәулікте 3 мыңнан аса жолаушы шетелден ұшып келді

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Белорусь Республикасы, Оңтүстік Корея, Латвия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Egemen.kz Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте 3 мыңнан аса жолаушы шетелден ұшып келді

Өткен тәулікте 3 665 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 968 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 613 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 446 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 245 жолаушы,
Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 188 жолаушы,
Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 135 жолаушы,
Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 70 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.