Спорт • 03 Маусым, 2021

Зарина Диас екінші кезеңде ұтылды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зарина Диас екінші кезеңде ұтылды

Тұсаукесер кездесуінде ұлыбританиялық Хитер Уотсонды ұтқан жерлесіміз екінші кезеңде WTA турнирлерінде алты рет топ жарған әлемнің 15-ші ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен кездесті.

Алғашқы сет Зарина Диастың пайдасына шешілгенімен, одан кейін қарсыласы «қаһарына мініп», жеңісті біздің қыздың уысынан жұлып әкетті. Есеп – 6:4, 2:6, 4:6.