
Ерұлан Жамаубаев министрлік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен ортақ жобалардың іске асырылып жатқанын алға тартып, Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметін цифрландыру мәселесіне тоқталып өтті.
«Біз үшін цифрландырудың негізгі мақсаттары – бұл көлеңкелі экономикамен күресті күшейту және бюджет түсімдерін барынша арттыру; салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету; адами факторларды шектеу және сыбайлас жемқорлықты болдырмау», деді министр.