Теннис • 04 Маусым, 2021

Қазақстандық теннисшілер Парижде сәтті өнер көрсетуде

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сайыстарында қазақстандық теннисшілер сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер Парижде сәтті өнер көрсетуде

Андрей Голубев пен Александр Бублик жұбы үшінші айналымға жолдама алды. Екінші кезеңде олар Филип Полашек (Словакия) мен Иван Додигты (Хорватия) 7:6, 6:1 есебімен жеңді. Оның алдында жерлестеріміз корт қожайындары Садьо Думбия мен Фабьен Ребулды жарыс жолынан шығарып тастаған еді.

Сондай-ақ, бұл жарысты Зарина Диас (Қазақстан) мен Варвара Грачева (Ресей), Елена Рыбакина (Қазақстан) мен Анастасия Павлюченкова (Ресей) және Юлия Путинцева (Қазақстан) мен Андреа Миту (Румыния) жұбы да жалғастыруда. Бүгін олар екінші айналымдағы бәсекелерін өткізеді.