Қоғам • 08 Маусым, 2021

Азаматтардың жеке дерегі қалай қорғалады?

382 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық халық санағын өткізу кезіндегі басты мәселелердің бірі – азаматтардың жеке қауіпсіздігі. Санақ кезінде интервьюерлердің ел азаматтарының жеке мәліметтерімен тікелей жұмыс істеуіне тура келеді. Көпшілік тарапынан осыған байланысты «мәліметтер үшінші тұлғалардан қаншалықты қорғалған?» деген сұрақ туындауы заңды.

Азаматтардың жеке дерегі  қалай қорғалады?

Азаматтардан санақ кезінде алын­ған барлық ақпарат Ұлттық статис­тика бюросының орталық серверіне жіберіледі.

Ұлттық статистика бюро­сы­ның ақ­параттық жүйесі ақпарат­тық-ком­муникациялық инфрақұ­ры­лымдардың аса маңызды нысан­дарының тізіміне енгізілген және ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның талдауына алынған. Тоқсан сайын жүйенің осал тұстарын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп отырады. Сондай-ақ санақ қарсаңында ақпараттық жүйенің  қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сынақтан өткізіліп, бұл бойынша оң нәтиже алынған бола-
тын.

Арнайы sanag.gov.kz сайтының қорғанышы ретінде сервер мен қолданушы арасындағы ақпарат алмасу https хаттамасымен қорғалған, әлем­дегі ірі сертификаттау орталық­тарының бірі Sectigo SSL-сертификаты алынды.

Халық санағы кезінде мәліметтерді орталық серверге беру екі тәсілмен жүзеге асырылады. Біріншісі – планшеттен онлайн режімде қорғалған желі арқылы (интернетке қосылмай) ұялы байланыс операторының мәліметтерді пакеттік беруі. Мұндай байланыс түрін интервьюер барлық деңгейде (қала­лық, аудандық, ауылдық) оператор қызметінің байланыс аймағында план­шетті қолданып жүргізе алады.

Екінші тәсіл – ұялы байланысы нашар шалғай ауылдарда сауалдама жүргізу кезінде пайдаланылады. Интервьюер үшін деректерді қорғаныс каналы арқылы орталық санақ сер­веріне офлайн режімде тікелей Ұлттық статистика бюросының бірыңғай санақ базасына жіберу мүмкіндігі көзделген.

Жіберілетін барлық файл шифр­ланған. «Алғашқы статис­тикалық дерек­­тердің сақталуы мен құ­пия­лы­лы­ғын қамтамасыз ету Қазақ­стан Рес­публикасының заңнамасы­мен реттелетін процестер шең­берін­де қазіргі заманғы техникалық құрал­дарды пайдалану арқылы және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен бірге жүзеге асырылады. Бұдан басқа, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес алғашқы ста­тис­тикалық деректер құпия болып табылады және оны мемлекеттік статистика органдары тек статистикалық ақпаратты алу, жинау мақсатында ғана пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді», деді Ұлттық статистика бюросы.

2021 жылдың Ұлттық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізіледі. Оған онлайн режімінде де, дәстүрлі әдіспен де қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!».