Спорт • 08 Маусым, 2021

Жарақат жолын кесті

130 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күні аса жеңіл салмақта күрескен Ғұсман Қырғызбаев күміс медальды мойнына іліп, барша қазақстандық жанкүйерді қуантса, келесі тәулікте Елдос Жұмахановқа айрықша сенім артқан едік.

Жарақат жолын кесті

66 кило салмақ дәрежесінде белдескен Елдос Жұмаханов жарысты өте керемет бастады. Алғашқы айналымда 2018 жылғы Еуропа чемпионы, 2017 жылғы сол жарыстың күміс жүлдегері словениялық Андреа Гамбочты жолынын ығыстырған ол іле-шала аустралиялық Натан Катц және моңғолиялық Херлен Гандболдан айласын асырды. Бұл бәсекелердің барлығының шиеленісті өткені соншалық, жеңімпазды анықтау үшін қо­сымша уақыт қажет болды. Бұл ретте өзінің жанкештілігі мен табан­дылығының арқасында Жұма­ханов жеңіске жетті.

Ширек финалда бело­рус­сиялық Дмитрий Мин­ков­тан басым түскен қазақ дзюдошысы жартылай финалда әлем­дік рейтингтің көшбасшысы, биылғы жылғы Еуропа чемпионы италиялық Мануэль Лом­бардомен айқасты. Бә­секе бары­сында жарақат алғанына қара­мастан қан­дасымыз барын салды. Бірақ Апеннин түбегінің тү­легі біздің жігіт­тің алдын орап кетті. Одан кейін Елдос қо­ла медаль үшін таласуға тиіс еді. Алай­да соның алдында ғана алған жарақаты тым ауыр болып, Жұ­маханов татамиге шықпады. Сөйтіп, же­ңіс Моңғолияның өкілі Йон­донперненлей Басхуудің ен­шісіне жазылса, қандасымыз бесінші орында қалып қойды.

Ал 52 кило салмақтағы Нұр­сұлу Ералиева өзінің тұсау­кесер кездесуінде Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа ой­ын­­­дарының жеңім­па­зы, құрлық чемпио­ны бель­гиялық Шар­лин ван Сник­ті сан соқтыр­ға­нымен, келесі кездесуде моңғолиялық Со­сор­­­барам Лхагвасуренге есе жі­берді.

Әлем чемпионатының же­ңімпаздары мен жүлдегерлері

Әйелдер

52 кило: 1. Аи Шишиме (Жа­­по­ния), 2. Ана Бокс Перес (Ис­па­ния), 3. Фабин Кочер (Швей­ца­рия) мен Гефен Примо (Из­раиль).

Ерлер

66 кило: 1. Дзесиро Маруяма (Жапония), 2. Мануэль Ломбардо (Италия), 3. Якуб Шамилов (Ре­сей) пен Иондонперненлей Бас­хуу (Моңғолия).