Теннис • 10 Маусым, 2021

А.Недовесов жұптық сында Братислава турнирінің жартылай финалына шықты

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Недовесов жұптық сында Братислава турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда швейцариялық Лука Маргароли - үндістандық Шрирамбала Нараянасвамимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда швейцариялық-үндістандық жұп 6:2 есебімен басым түсті.

Екінші сетте А.Недовесов пен Д.Молчанов есе қайырды - 7:5.

Қазақстандық-украиналық жұп супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 10:8.

Тартысты бәсеке 1 сағат 44 минутқа созылды.