Аймақтар • 23 Маусым, 2021

Түркістанда түркітілдес елдердің халықаралық жастар саммиті аяқталды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркітілдес елдер жастарының өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Түркі елдері жастарының аллеясының» ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда түркітілдес елдердің халықаралық жастар саммиті аяқталды

Іс - шара 2021 жылғы 21-23 маусым аралығында Түркістан қаласында өткен Түркі елдерінің жастар көшбасшылары мен белсенділерінің «Түркістан-Түркі әлемінің бесігі» саммиті аясында өтті.

Саммит аясында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Түркістан университетінде саммитке қатысушы елдердің Жастар ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, түркі тарихы мен мәдениетінің өзекті тақырыптарына арналған семинарлар өтті.

Түркістандағы Халықаралық Жастар саммитінің соңғы күні қатысушылар мен қонақтар Арыстан баб кесенесіне, Отырар қалашығына, Ақмешіт үңгіріне және жалпы түркі және қазақ тарихының басқа да орындарына барды.

Еске сала кетейік, саммиттің офлайн және онлайн форматтарындағы іс-шараларына Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Венгриядан, сондай-ақ Ресей Федерациясының Татарстан және Башқұртстан субъектілерінен 200-ге жуық жастар көшбасшылары мен белсенділері қатысты.

Саммиттің негізгі мақсаты: түркі елдерінің жастарын ортақ тарих, мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар, сондай - ақ түркі әлемінің болашақ дамуына ортақ көзқарас негізінде топтастыру; «Түркістан-Түркі әлемінің рухани астанасы» идеясын ілгерілету.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше