«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында журналистер мен медиа саласының өкілдерін алда келе жатқан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтап, «Nur Sunqar» республикалық конкурсының жеңімпаздарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы тұсында «Nur Sunqar» сыйлығының тапсырылуы ерекше мәнге ие болып отыр. Еліміздегі көптеген салалар секілді ұлттық ақпарат саласы да шын мәнінде нөлден бастап құрылып, күрделі жолдан өтті. Бүгінде медиа саласында қуатты да бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдары пайда болды, жаңа медиа сегменті қарқынды дамуда.
«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, бұқаралық ақпарат құралдары жұртшылықтың көкейіне сенім ұялатып, жедел де объективті ақпараттың бастауы болуы тиіс. Әсіресе, бұл қазіргідей бұқаралық инфодемия және фейкжаңалықтар кезеңінде ерекше маңызға ие. Осынау қатерлі құбылысқа қоғам мен медиа өкілдері бірлесе отырып қарсы тұруы тиіс деп есептеймін. Бұл ретте отандық бұқаралық ақпарат құралдарына одан әрі жүйелі түрде қолдау көрсету негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық медиа саласының азаматтар мен мемлекеттің арасындағы кері байланысты қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап көрсетіп, оның дамуына ерекше назар аударуда», деді Бауыржан Байбек
Партия Төрағасының бірінші орынбасары атап өткендей, «Nur Sunqar» осымен 12-ші рет өткізіліп отыр. Осы уақыт аралығында бұл сыйлық журналистер қауымдастығы арасында медиа саласы қызметкерлерінің еңбегі мен кәсіпқойлығы бағаланатын беделді марапатқа айналды.
«Өкінішке қарай, пандемия өмірімізге елеулі өзгерістер енгізіп отыр. Соның салдарынан осымен екінші жыл қауіпсіздік шаралары ескеріліп, «Nur Sunqar» сыйлығын табыстау онлайн-форматта өткізіліп жатыр. Биыл конкурсқа қатысу үшін 291 материал түсті. Конкурстық комиссия жеңімпаздарды 8 номинация бойынша анықтады, олардың есімдерімен ұсынылып отырған бейнероликтен танысуға болады. Еліміздің биылғы мерейтойы ескеріле отырып, Қазақстанның жетістіктері туралы үздік материалға «Тəуелсіздік тағылымы» атты тағы бір номинация тағайындалды. «Nur Sunqar-2021» сыйлығының жеңімпаздарын партия басшылығы атынан және жеке өз атымнан құттықтаймын! Осы мүмкіндікті пайдаланып, медиа саласының өкілдерін кәсіби мерекелері – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, бақ-береке және жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін!», деп түйіндеді ол.
Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Елбасы салған сара жол» аталымы бойынша «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Ерсін Мұсабеков жеңімпаз деп танылды. «Тәуелсіздік тағылымы» номинацисымен «Ана тілі» газетінің тілшісі Нұрперзент Домбай және «Аzattyq-ruhy.kz» ақпараттық-сараптамалық агенттігі бас редакторының орынбасары Ардақ Сейітқазин марапатталды.
«Телевизия үздігі» номинациясы бойынша «Atameken Business» телеарнасының журналисі Мейрамгүл Мәдәлі марапатталды. Ал, «Партия жаршысы» аталымына қазылар алқасы «Хабар» агенттігінің тілшісі Ирина Камышованың еңбегін лайықты деп бағалады.
«Nur Sunqar» байқауының «Блогосфера үздігі» мүсіншесі «Newsroom.kz» порталының бас редакторы Олжас Беркінбаевқа бұйырды. «YouTube Үздігі» деп Нартай Аралбайұлы танылды.
«Ұшқыр қалам» номинациясында «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Қалиақбар Үсемханұлы жеңіске жетсе, «QazNet Үздігі» номинациясын «Tengrinews.kz» ақпарат порталының тілшілері Ренат Ташкинбаев пен Тұрар Қазанғапов жеңіп алды.
Табиғатқа залал келтіргендерге жауапкершілік күшейеді
Үкімет • Кеше
АЭС Қазақстанды қалай өзгертеді?
Қазақстан • Кеше
Нақты пайыздық мөлшерлеме нөлге теңесті
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мыңнан астам алматылық жаңа кәсіпті меңгерді
Қоғам • Кеше
Ерекше балалар: Ата-ана арманы – аяққа тұрғызу
Қоғам • Кеше
Медицина мамандарына дәріс оқыды
Медицина • Кеше
Медицина • Кеше
Саладағы реформалар жүйелілік пен сапаны талап етеді
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
«Айқап» журналын алғашқы шығарушы
Руханият • Кеше
Туризм • Кеше
Туризм • Кеше
Ірі жұмыс берушілер маман іздейді
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Оралда ток соққан екі адам жансақтау бөліміне түсті
Оқиға • Кеше
Атырауда 900 мың теңгенің өнімдері заңсыз сатылымға шығарылған
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан 5 адам зардап шекті
Оқиға • Кеше
Абай облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада Румыния Президентінің кітабы таныстырылды
Қазақстан • Кеше
Президент: Каспий – шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын теңіз
Президент • Кеше
Алтыншы Каспий саммитінің коммюникесі
Президент • Кеше
Каспий саммитінің келесі жиыны Иранда өтеді
Қоғам • Кеше
Талдықорған маңындағы өзен жағасында белгісіз зат табылды
Аймақтар • Кеше
ШҚО-ның Самар ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңсыз балық аулағандарға жаза күшейтіледі
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар