Аймақтар • 24 Маусым, 2021

Талай «қиын жұмбақтың» шешуін тапқан

955 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптің бұзыл­мауын қадағалайтын полицияда көп жариялана бермейтін қызмет­тер бар. Соның денін қыз-келіншектер атқарады. Солар­дың қатарындағы полиция капитаны Ұлжан Оразалиеваны тәжірибелі криминалист деуге болады.

 

Талай «қиын жұмбақтың» шешуін тапқан

Ол криминалистикаға кез­дейсоқ келген жоқ. Бала кезден полиция қызметкері болуды ар­мандады. Мектептің 7-сыныбын­да оқып жүргенде телеарна­дан погон таққан қыздар туралы ха­­­барды көріп, осы салаға қы­зы­­­­ғушылығы оянды. Алайда әке-шешесі полиция қызметінің қыз­­­­дар үшін қиын болатынын айтып, басқа мамандықты таңдауға үгіт­теген екен.

– Бірақ жүрек қалауым осы салаға ауды да тұрды. Осы мақ­сатыма жету үшін 2012 жылы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясына құжат тапсырдым. Академияға оқуға түскенде криминалист мамандығын таңда­­дым. Бұл мамандықтың өзгешелігі, ғы­лымның әртүрлі саласын бі­лу үшін ұдайы ізденіске толы жұ­мысы қызықтырды. Өйткені қыл­мысты ашуда криминалист маңызды рөл атқарады. Ол жедел-тергеу тобында тергеушіден кейінгі екінші орында тұрады. Қылмыс болған орынға барған криминалист сарапшы алдымен күдікті туралы ақпараттарды жи­нау үшін сағаттар бойы әр зат­тан саусақ, аяқкиім іздерін шұқ­шия іздейді. Оны таппай тын­шымайды. Оқиға орнында қал­ған мата қиындысы, түйме, кез келген қағаз қалдығын шашау шығармай жинап алады. Со­ның бәрінен алынған ізді дакти­лоскопиялық пленкаға түсіреді, – дейді аға криминалист Ұлжан Оразалиева.

Погон таққан өжет қыз ішкі істер органындағы еңбек жолын Мақат аудандық полиция бө­­лімінде криминалист болып бас­тады. Атқаратын қызметінің қыр-сырын тәлімгері болған аға криминалист, полиция ма­йоры Жасқайрат Қалдыбаевтан үй­рен­ді. Қазір тәжірибелі крими­на­­листің шәкірті болғанын мақ­тан тұтады.

– Мақат ауданында 2017 жылы пәтер ұрлығы болған еді. Жедел-тергеу тобының құрамында оқи­ға орнына мен де бардым. Ұры түскен үйді қарау кезінде бір­неше саусақ, аяқкиім ізі алынды. Дактилоскопиялық сараптама қорытындысымен алынған із ішкі істер органдарында есепте тұратын азаматтың ізіне сәйкес келді, – дейді полиция капитаны Ұлжан Оразалиева. – Тергеу мен тексерудің нәтижесінде кү­діктінің қылмысқа қатысы дә­лел­деніп, іс сотқа жіберілді. Осы­лайша, қылмыстың ізі суымай ашылуына криминалист маман ретінде өз үлесімді қосқаныма қуандым.

Тағы бірде дүкендегі ұрлық­ты ашуға қатыстым. Ұрлық жа­сал­ған орыннан көп із табыл­ды. Әдет­те көп із жедел тергеу тобын тығырыққа тірейтіні бел­гі­­лі. Бірақ өз ісін жетік бі­ле­тін, тәжірибесі толысқан кри-­
­­ми­­­­на­листің қырағылығы қыл­мыс­қа қа­­тысы бар күдіктіні тез табуға сеп­тігін тигізді.

– Көп іздің әрқайсысын же­те зерттеуге ден қойдық. Со­ның арасынан әйелдің киім-ке­шек­­­тері мен опа-далаптарынан алын­ған із күдік тудырды. Көп ұза­май, ұрлық жасаған ке­лін­шек ұсталды. Күдікті тергеу ке­зінде қылмыс жасағанын мо­йын­дады. Жалпы, күнделікті жұ­мыс кезінде криминалистерге қыл­мысты ашуға көмектесетін «қиын жұмбақтарды» шешуге тура келеді. Оның шешуін табу оңай емес. Сондықтан кримина­листер ғылымдағы соңғы жа­ңа­лықтарға ден қойып, білімі мен білігін ұдайы жетілдіріп отырады, – деп мамандығына қатысты ойымен бөлісті полицей.

Өз ісін жауапкершілікпен ат­қаратын аға криминалист биылғы жылдың басынан бері 200-ден аса оқиға орнына барды. Сол жер­лерде 100-ден астам зерттеу жүр­гізіп, ондаған қылмыстың дер кезінде ашылуына тікелей үле­сін қосты. Сондай-ақ бірнеше рет тергеу ісіне білікті маман ре­тінде қатысты.

– Ішкі істер органында қыз­мет атқарғаныма, криминалист ма­мандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Өйткені кримина­лист – күрделі әрі ерекше маман­дық. Қазір менде бір ғана мақсат бар. Бұл – облыстық полиция департаментінің жедел криминалистика басқармасы бастығы­ның орынбасары, полиция полков­ни­гі Николай Михайловский се­кіл­ді өз ісін жетік меңгерген іс­кер ма­ман болу, – деп алдағы мақ­сатымен бөлісті.

Қазір полиция капита­ны Ұл­жан Оразалиева Аты­рау қала­лық полиция басқарма­сындағы жедел криминалистика тобында аға ­криминалист болып қызмет іс­тей­­ді. Әрдайым ізденімпаздығы­мен ерек­­шеленетін ол әріптестерінің құрметіне бөленіп жүреді. Әрине полиция қызметкерлерінде бос уақыт көп емес. Дегенмен, қолы босай қалса, спортпен айна­лыс­қанды, кітап оқығанды ұна­тады. Ал демалысында ата-ана­сына кө­мектесіп, дастарқан мәзі­рін да­йындағанды жақсы көреді.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар