Біздің баһадүр бабаларымыз жауын жер жастандырмай майдан даласын босатпаған. Атқа қонса атойлап алға шығар, тақымындағы тұлпары туласа талай елдің ту-талақайын шығарар алып рухтың иесі олар. Сол алып рухтың көрінер тағы бір тұсы – көкпар ойыны. Батыр да ержүрек ерлердің майданнан бөлек сыналар сәті – сол намыс дода. Қараңызшы, жұрттың жанын рахатқа бөлейтін көне ойынның кенеп бетіндегі кескіні қаныңды қыздырады.

Көз алдымызда – суретші һәм кескіндемеші Қанафия Телжановтың «Көкпар» атты туындысы. Алыстан барлаған адам жалпы көкпарға жарақтанған жігіттердің жанталасын, тебісінен теңселе жаздап топқа кірген қазанаттың қарқынын көргендей, құдды жер үшін айқасып жатқан сарбаздар екен дер. Осындай рух пен күшті қажет ететін ат спортын бабалардың қалай ойлап тапқанына таңданасың.
Қылқалам шебері өз шығармашылығында тарихи тақырыптарға, пейзаж жанрына үңіледі. Сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен көне дәстүрлерін дәріптеуді ойға алған.
Жалпы, көкпар – қазақтың көнекөз ойыны. Үй іргесінен дүбірлетіп аттар өтсе қаны тулап, кермедегі тұлпарына тұрман салатын жұртпыз. Бұл ұлттық ат спортына жатқанымен, ойынның астары тереңде. Жаугершілік заманда батырлық пен ептілікке бейімдеу, сарбаз жолдасы ысқырып жеткен оқтан опат болған жағдайда, ат үстіне өңгеріп алып, жат жерге, жау табанында қалдырмауға машықтанудың ең ыңғайлы әдісі десек те болады. Өйткені шайқаста шейіт кеткен ақсүйек немесе қолбасының сүйегін жау қолына беру – жалауының жығылғанымен тең. Сондықтан да көкпар тартып, майдан даласында орын алған тосын оқиғада тосылып қалмау үшін машықтанған секілді. Бұл біз білетін бір ғана сипаты мен сыры.
Суретші өзінің «Көкпар» картинасында барынша шауып келе жатқан аттағы ширыққан шабандоздардың бір-бірімен жарысып, көкпарды тартып алуға тырысқан ойынның ең шиеленіскен сәтін бейнелеген. Көкпарды ұстаған жігіттің астындағы аты басын жоғары көтеріп, артқы аяғымен тұр. Ал ойыншы болса, ерден құлап қалмас үшін аттың мойнына жабысып, жүгенді мықтап ұстап алған. Алдыңғы пландағы ойыншы үзеңгіге тұрып алып көкпарға қолын созуда. Автор ойыншылардың жел желбіреткен шаштары мен жейделерін және шөпті бояуды еркін, жалпақ етіп жағу арқылы көрсеткен.
Суретші жазықтың төменгі сызығын пайдаланған. Кенептің үштен екісіне аспан бейнеленген. Міне, содан барып еркіндік сезіледі. Бұл тәсіл назарды ойыншыларға аудартады. Аспанның ашық түсті биік фонындағы қара түсті аттардың айырмашылығы көзге ұрып тұр. Аттардың қиғаш орналасуы да қозғалыс жасайды. Тұлпарлар бір сәтте аспанға қалықтап, жүйіткіп бара жатқандай әсер береді.
Суретші ойынның ерекше серпінін, жеңіске деген құштарлықты, қызбалықты көрсеткен. Ол композицияны көрермен өзін осы ойынға қатысып тұрғандай сезінетіндей етіп жазған.
Түркістанда дәрілік шөп қазған 23 шетелдік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
Бельгияда маймылшешек ауруына байланысты карантин енгізілді
Әлем • Бүгін, 10:48
Қырғызстан мен Өзбекстанда қар жауды
Әлем • Бүгін, 10:30
Алимент төлемеген әке көлігінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 10:17
«Рухани қазына – 2022» фестивалі аяқталды
Қазақстан • Бүгін, 10:14
Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде күміс жүлде алды
Руханият • Бүгін, 10:00
Алматы облысында жауын салдарынан көшелерді су басты
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Коронавирус жұқтырған 7 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:47
Арнайы комиссия Шымкенттегі жарылыстың шығынын есептеп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қаржы • Бүгін, 09:32
Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Маймылшешек ауруы әлемнің 14 еліне тарады
Әлем • Бүгін, 09:06
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:34
Хоккей • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Басты мақсат – қоғам дертінен арылу
Экономика • Бүгін, 08:23
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімінің аяқталатындығы туралы
Қазақстан • Бүгін, 08:20
Пікір • Бүгін, 08:18
Пікір • Бүгін, 08:15
Пікір • Бүгін, 08:12
Шешілуі керек төрт түйткіл бар
Пікір • Бүгін, 08:10
Өңіраралық көшпелі кездесу өтті
Референдум-2022 • Бүгін, 08:05
Референдум-2022 • Бүгін, 08:02
Референдум ешкімнің өмірін айналып өтпейді
Референдум-2022 • Бүгін, 08:00
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Кеше
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Кеше
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Кеше
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Кеше
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Кеше
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Кеше
Үкімет • Кеше
Спорт • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Кеше
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Кеше
Ұқсас жаңалықтар