Парламент • 12 Шілде, 2021

Сенаторлар Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Алтынбек Нұхұлы мен Нұржан Нұрсипатов Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында Семей қаласында педагогикалық колледж оқытушыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Депутаттар мұғалімдердің сұрақтарына жауап беріп, оларға қашықтан оқытуды заңнамалық қамтамасыз етуге қатысты жақында қабылданған заңның ережелерін түсіндірді. 

«Түзетулер «қашықтан оқыту» ұғымын нақтылайды және оны өткізу тәртібін белгіленген. Сондай-ақ оқулықтарды сапалы дайындаудың жекелеген ережелері енгізілді», деді сенатор Алтынбек Нұхұлы.

Сенатор Нұржан Нұрсипатов өз кезегінде сессия барысында атқарылған жұмыстар туралы айта келіп, инклюзивті білім беру туралы қабылданған Заңның жаңалықтарына жан-жақты тоқталды.

«Заңда инклюзивті және арнайы білім берудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, сондай-ақ еліміздің заңнамасын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция қағидаттарына сәйкес келтіру жөніндегі міндеттер шешілуде», деді сенатор Нұржан Нұрсипатов.

Сенаторлардың Павлодар облысы прокуратурасының басшылығымен кездесуі барысында Палатаның ағымдағы жылғы заң шығару қызметі туралы да сөз болды. Қылмыстық процеске, құқық қорғау қызметіне және сайлауға байланысты заңнамаға енгізілген түзетулерге ерекше назар аударылды.