Қазақстан • 16 Шілде, 2021

Қазақстанның вакцина паспортын әлемнің 7 елі мойындады

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда алынған вакцина паспортын мойындайтын елдер аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның вакцина паспортын әлемнің 7 елі мойындады

«Вакцина алуда оның паспорты шетелде мойындалғаны емес, оның қаншалықты тиімді екені маңызды. Басты мақсат – вакцинаның адам ағзасын қорғауы, сол арқылы денсаулығымызды сақтаймыз. Біз үшін ең бастысы осы.

Бүгінгі күні Қазақстанда алынған вакцинаның паспортын Тайланд, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан, Грузия, Кипр, Түркия елдері мойындап отыр. Сол секілді Ресейде де ЕАЭО аясында вакцина паспортын мойындау келіссөзі жүргізілуде.

Сонымен қатар, біздің министрлік Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп өзара вакцина паспортын мойындау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Яғни шетелдіктердің вакцина паспортын біз ғана мойындап қоймай, екіжақты ету міндеті тұр», деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.