Қоғам • 16 Шілде, 2021

Коронавирус жұқтырушылардың 80 пайызы симптомды көрсеткішті құрайды - Айжан Есмағамбетова

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 індетінің мутациялау процесі туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырушылардың 80 пайызы симптомды көрсеткішті құрайды - Айжан Есмағамбетова

«Біз індеттен 100 пайыз қорғау туралы айтып отырған жоқпыз. Вакцина алған азамат коронавирусқа шалдыққанның өзінде, күресу жеңілге соғады және олар ауруханаға жатқызылмайды. Пациент ауруханаға жатқызылғанның өзінде сырқатты жеңіл көтереді, реанимацияға жатқызылмайды және ӨЖА (өкпені жасанды желдету аппараты) көмегі қажет етпейді. Індентке шалдығудың симптомсыз белгісіне келсек, өткен жылы елімізде коронавирус етек жая бастағанда симптомсыз ауырғандар 80 пайызды, ал симптоммен 20 пайызды құрады. Вирус мутацияланып және британдық штамм пайда болғаннан кейін симптомдық белгілермен ауырғандардың саны артты. Яғни 60/40-ты құрады. Қазір дельта-штамының тарауына байланысты жағдай мүлдем өзгеріп отыр. Бүгінде аталған індетке симптомсыз шалдығандар айтарлықтай аз», деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирус жұқтырушылардың 80 пайызы симптомды және 20 пайызы симптомсыз көрсеткішті құрайды.

«Жоғарыда айтылған статистика вирустың мутацияланып, одан әрі таралып жатқанын көрсетіп отыр. Яғни біз ұжымдық иммунитеттің қалыптастырмайынша коронавирус тарала береді. Одан сақтану өз қолымызда», дейді ол.