Жобаның жалпы құны 11 миллиард теңгені құрайды. Ол осы жылдың соңына дейін іске қосылып, 112 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2118,9 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 153,8 млн теңгеге өсті.
Бұл туралы қала әкімі Гүлжан Құрманбекова брифингте мәлімдеді.