Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қостанай облысына келді. Министр жұмыс сапары барысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының өңірдегі жүзеге асу барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайдың №1 Халыққа қызмет көрсету бөліміне бас сұққан Бағдат Мусин ХҚО-ларда эпидемияға қарсы шаралардың қатаң сақталу керектігін ескертті.
«Тұрғындар тек алдын ала брондау бойынша қабылдануы тиіс. Әрбір келушінің мәртебесі«Ashyq» жүйесі арқылы міндетті түрде расталуы қажет. Әлеуметтік қашықтықты сақтау аса маңызды және міндетті түрде антисептик құралдары болуытиіс. ХҚО-ға келетіндердің көпшілігі өз-өзіне қызмет көрсету секторына барады. Бұл сектордағы әрбір үстелге антисептик құтыларын қоюды ұсынамын. Бұл бүкіл секторға қойылатын үлкен дезинфекциялық құралға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы. Мәселен, адам компьютерде жұмыс істеді делік, ол кеткен соң, келесі адам келеді. Ол қолы мен пернетақтаны антисептикпен өңдеп, жұмысын істей береді. Бұл да қорғаныш шарасы», деді министр.
Сондай-ақ, Бағдат Мусин қазір Қостанайдағы №1 Халыққа қызмет көрсету бөліміне келушілердің көп екенін, сондықтан қызмет көрсету сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзын-сонар кезектің туындауына жол бермеу үшін ХҚО-ға жаңа ғимарат табу керек деген ұсыныс айтты.
Министр азаматтардың электрондық өтініштерін қабылдау және мемлекеттік органдарға жіберу алгоритмімен танысып, өтінішті жіберу мүмкіндігін жеке тексерді.
«Жаңа Әкімшілік кодекске сәйкес, азамат 15 күн ішінде өтінішке жауап алатынын білеміз. Мен Қостанай әкімдігіне өтініш жіберіп көріп, жүйені жетілдіруді қажет ететін кейбір тұстарды анықтадым. Егер азамат портал арқылы хабарлама жіберген болса, онда жауап жеке кабинетке түседі. Ал әкімдік немесе ХҚО арқылы жолданған өтінішке жауап алу үшін сол жерге қайта бару керек. Бұл тұрғындар үшін қолайсыз. Сондықтан ұялы телефон арқылы жауапқа қол жеткізу мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл өте ыңғайлы. Мәселен, тұрғындардың бірі ХҚО-да өтініш жасап, 15 күннен кейін басқа қалаға кетіп қалды делік. Ал ХҚО оған жауапты SMS-хабарлама арқылы жібере қояды. Жаңа функцияны енгізу кезінде біз қандай да бір мемлекеттік органда өтініштің қаралу кезеңін қысқартып қана қоймаймыз, сонымен қатар сол жауапқа қай түпкірде жүрсек те қол жеткізу мүмкіндігіне ие боламыз», деді Бағдат Мусин.
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде Қазақстанда өтініштердің қаралуын бақылайтын e-Otinishэлектрондық жүйесі енгізілді. E-Otinish электрондық өтініштер жүйесінің бас операторы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, жүйені әзірлеуші – BTS Didgital. Өтініштерді бірнеше тәсілмен беруге болады: egov.kz электрондық үкімет порталы, мемлекеттік органдар, әкімдіктер және ХҚО арқылы. ХҚО-ларда бұл үшін өтініштерді қабылдайтын арнайы пункттер жұмыс істейді. Мұндағы мамандардың айтуынша, 1 шілдеден бері Қостанай облысының ХҚО-лары арқылы 5 өтініш келіп түскен.
Президент отандық бизнес өкілдерімен кездеседі
Президент • Бүгін, 17:20
Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 17:16
Қаржы • Бүгін, 17:01
Мәскеу мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды
Тарих • Бүгін, 16:50
Түрмеге ұялы телефон алып өтпек болған жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:43
Талдықорғанда ұрланған көлікпен қашқан оқушы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:35
Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Атырау облысында аурухана директорына әкімшілік айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 16:17
Елордада екі көше уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 16:06
Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Елімізге контрабанда арқылы зиянды ойыншықтар жеткізілуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:43
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты
Әлем • Бүгін, 15:33
Ерлан Қарин Ұлттық құраманы Сурдлимпиададағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 15:26
Балқаш көлінен жүзден аса браконьерлік ау табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Ұқсас жаңалықтар