Экономика • 18 Шілде, 2021

ОПЕК+ елдері келісімге келді

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОПЕК + елдері бүгін өндірістің жаңа бастапқы деңгейлерін мақұлдап, келісімді 2022 жылдың соңына дейін ұзартты, деп жазады Egemen.kz   ТАСС таратқан дерекке сілтеме жасап. 

ОПЕК+ елдері келісімге келді

ОПЕК+ елдерінің министрлері жексенбі күнгі кездесуінде бір сағатқа жетер-жетпес уақытта мұнай өндірісін осы жылдың соңына дейін қалпына келтіру туралы, сондай-ақ келісімді 2022 жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешімді мақұлдады. Кездесу қортындысы туралы деректер ОПЕК веб-сайтында хабарланған.

Сонымен бірге, 2022 жылдың мамырынан бастап кейбір елдер үшін келісім өндірістің базалық деңгейіне түзету енгізеді.   Мәселен, Ресей мен Сауд Арабиясы үшін бұл 11-ден 11,5 миллион баррельге, БАӘ үшін - 3,17-ден 3,5 миллион баррельге, Ирак үшін - 4,65-тен 4,8 миллион баррельге / с дейін, Кувейт үшін - 2,8-ден 2,96 миллионға дейін көбейтіледі.

Қорытынды коммюникеде ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін «нарыққа 5,8 млн баррель қайтарылғанға дейін» 0,4 млн баррельге ұлғайтуға ниетті екені айтылған, оны 2022 жылдың қыркүйегіне дейін орындау жоспарланып отыр. Алайда, 2021 жылдың желтоқсанында бұл жоспар қайта қаралуы да әбден   мүмкін.

ОПЕК+ елдерінің келесі кездесуі 2021 жылдың 1 қыркүйегінде өтеді.