Өскемен қаласының полиция қызметкерлері тексеру барысында 27 жастағы жүргізушінің басқаруымен ВАЗ-21124 автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, ер адам каннабиоидты есірткіге мас болған.
Факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі «есірткіден масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жеті жыл мерзіміне көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ жүргізушіге қатысты әкімшілік іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.