Ғаламтордағы әлеуметтік желілерде жалған анықтамалар, куәліктер мен басқа да құжаттарды жасау туралы 46 жарнама анықталған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің брифингінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Полицияның барлық бөлімінде арнайы мониторингтік топтар құрылды, олар интернет желісінде, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде, жергілікті пабликтер мен жарнамалық сайттарда орналастырылатын жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтап, пысықтайды. Полиция осындай мазмұнды 46 жарнаманы анықтады, онда жалған вакцинация төлқұжаттары, сондай-ақ оң немесе теріс тест нәтижелері бар талдау нысандары белгілі ақшаға ұсынылған», деді брифинг модераторы Шұғыла Тұрлыбек.
Оның айтуынша, бұл ресурстарда Ресейде, Украинада, Үндістанда және АҚШ-та медициналық анықтамалар мен вакцинация сертификаттарын сату туралы хабарландырулар таратылған.
«Анықталған хабарландыруларда ІІМ киберқылмыспен күрес орталығының мамандары алдын ала төлем алуға бағытталған алаяқтық схемаларын қадағалайды. Вакцинациялаудың 1-ші кезеңінен өткендігі туралы растау үшін алаяқтар мемлекеттік органдардың ресми ресурстарына жатпайтын бөгде пошта жәшіктерінен хабарлама жібереді. Содан кейін олар 2 кезең үшін алдын ала төлемді талап етіп, құжат құнын алып алған соң жоғалады. Бірқатар жарияланымды талдау алаяқтардың шетелдік банктердің карталарын қолданғанын анықтады, ал сатушылар үнемі өзгеріп тұратын виртуалды телефон нөмірлерін жиі қолданады. Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олар жалған құжаттарды сатып алу арқылы заңды бұзуға тырысты», деп түсіндірді Шұғыла Тұрлыбек.
Анықталған шетелдік ресурстар қазақстандық пайдаланушылардың қолжетімділігін бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілген.
Түркістанда дәрілік шөп қазған 23 шетелдік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
Бельгияда маймылшешек ауруына байланысты карантин енгізілді
Әлем • Бүгін, 10:48
Қырғызстан мен Өзбекстанда қар жауды
Әлем • Бүгін, 10:30
Алимент төлемеген әке көлігінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 10:17
«Рухани қазына – 2022» фестивалі аяқталды
Қазақстан • Бүгін, 10:14
Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде күміс жүлде алды
Руханият • Бүгін, 10:00
Алматы облысында жауын салдарынан көшелерді су басты
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Коронавирус жұқтырған 7 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:47
Арнайы комиссия Шымкенттегі жарылыстың шығынын есептеп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қаржы • Бүгін, 09:32
Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Маймылшешек ауруы әлемнің 14 еліне тарады
Әлем • Бүгін, 09:06
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:34
Хоккей • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Басты мақсат – қоғам дертінен арылу
Экономика • Бүгін, 08:23
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімінің аяқталатындығы туралы
Қазақстан • Бүгін, 08:20
Пікір • Бүгін, 08:18
Пікір • Бүгін, 08:15
Пікір • Бүгін, 08:12
Шешілуі керек төрт түйткіл бар
Пікір • Бүгін, 08:10
Өңіраралық көшпелі кездесу өтті
Референдум-2022 • Бүгін, 08:05
Референдум-2022 • Бүгін, 08:02
Референдум ешкімнің өмірін айналып өтпейді
Референдум-2022 • Бүгін, 08:00
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Кеше
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Кеше
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Кеше
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Кеше
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Кеше
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Кеше
Үкімет • Кеше
Спорт • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Кеше
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Кеше
Ұқсас жаңалықтар