Аймақтар • 20 Шілде, 2021

Атырау полицейлері бір аптада 13 мас жүргізушіні ұстады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда мас күйде рульге отыратын жүргізушілер азаяр емес. Бір аптада осындай 13 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау полицейлері бір аптада 13 мас жүргізушіні ұстады

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 12-18 шілде аралығында ұсталған 13 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Патрульдік полиция қызметкерлері 17 шілдеде түнгі сағат 23:30 шамасында «Опель Астра» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 1988 жылы туған жүргізушіден ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен жүргізушінің жеңіл дәрежедегі мас екені анықталды. Аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік жүргізушісі сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 18 шілдеде сағат 21:20 шамасында 50 жастағы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішіп, «Лада ларгус» маркалы автокөлігін басқарғаны анықталды. Бұл азамат та сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.