Экономика • 23 Шілде, 2021

Доллар тағы да арзандады

655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллар теңгеге қатысты төмендеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz KASE Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сүйене отырып.

Доллар тағы да арзандады

Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,04 теңгеге төмендеп, 424,66 теңгені құрады.

Kurs.kz ұсынған деректерге сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 424,83 теңге, ал сатылымы - 426,43 теңге.

Нұр-Сұлтан қаласының алмастыру орындарында америкалық валютаны орта есеппен 425,03 теңгеден сатып алып, 426,25 теңгеден сатуға болады.

Ұлттық банктің 23 шілдедегі ресми доллар бағамы 425,71 теңгені құрайды.