Қазақстан • 26 Шілде, 2021

Қазақстан мен Eni баламалы энергия көздерін дамытады

21 рет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Eni энергетика компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Eni компаниясы Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді және Қазақстан экономикасына $15 млрд астам инвестиция салды.

Тараптар Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында мұнай мен конденсат өндіру деңгейін арттыру және оны сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздері жобаларын дамыту мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Eni Қазақстанның маңызды инвестициялық серіктесі екенін атап өтіп, компанияның Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын игеруге, сондай-ақ Исатай және Абай кен орындарында барлау жұмыстарын жүргізуге қосқан үлесін атап өтті.

Eni компаниясы ҚР-дағы энергетикалық көшу және көміртексіздендіру жобаларына қомақты үлес қосуда. Осы бағыт аясында бірқатар бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Ақтөбе облысында қуаты 100 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы бойынша жоба іске асырылуда және Түркістан облысында қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы аяқталуда.

Үкімет басшысының қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Eni компаниясы арасында электр энергиясын өндіру және іске асыру үшін энергетикалық көшу жобаларын әзірлеудегі ынтымақтастық туралы және ҚР-да ауыл шаруашылығы және сутегі жобаларын дамыту туралы меморандумдарға қол қойылды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазгеология» АҚ мен Eni компаниясы арасында ҚР аумағында жер қойнауын пайдалану жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар

Сөз сойыл

Қоғам • Бүгін, 09:12

Жас қобызшылар бақ сынады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:05

JaiyqFilmFest фестивалі өтуде

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:05

Ардагерлер аруағына құрмет

Аймақтар • Бүгін, 09:03

whatsapp-тағы бассыздық

Аймақтар • Бүгін, 08:54

ІТ лицей-интернаты ашылды

Президент • Бүгін, 08:32

Халыққа арналған басымдықтар көп

Президент • Бүгін, 08:30

Құрылыс нарығындағы ахуал қандай?

Экономика • Бүгін, 00:35

Жалғыздық бояуы

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар