Арқа төсінде эпидемиялық жағдайдың ушыққаны сондай, 2 тамыздан бастап облыстағы барлық кәсіпорын мен ұйым меншік нысанына қарамастан Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге міндетті болады. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте осындай мәлімдеме жасаған облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин, сонымен қатар алдағы уақытта қарағандылықтарды тағы қандай карантин шараларының күтіп тұрғанын егжей-тегжейлі айтып берді.

Бүгінде Қарағанды облысындағы эпидемиялық жағдай мың құбылып тұр. Өңірдегі қалалар мен аудандарда «жаман тұмаудың» жоғары көрсеткіші байқалады. Мәселен, облыс бойынша коронавирус инфекциясының зертханалық негізде расталған 55 мыңнан аса жағдайы тіркелген. Міне, жағдайдың осылай болып қалыптасуына байланысты, бас санитарлық дәрігердің шешімімен Ashyq бағдарламасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылатын болды.
Айта кету керек, бұл тізімге орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары енбейді. Бұдан бөлек құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жекелеген қызмет түрлері бар бизнес-орталықтар үшін Ashyq қосымшасынсыз қызмет етуге рұқсат берілген. Бұл ретте Ashyq қосымшасының көшбасшылары жұмыс режімін 22.00-ге дейін соза алады.
Ashyq режімін бұзған ұйымдарға қолданылатын шаралардың да қатаң болатынын айта кету керек. Мәселен, ондай жағдайда олардың қызметі ескертусіз бір ай мерзімге шектеледі. Ал Ashyq бағдарламасы бойынша қалған кәсіпорындар демалыс күндерін қоспағанда, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады. Бұл санатқа моншалар, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, фитнес-клубтар, фитнес-орталықтар, соның ішінде йога-орталықтар, театрлар, концерт залдары, филармониялар, кинотеатрлар жатады.
Сонымен қатар дәріханалардың, супермаркеттер мен азық-түлік павильондарының ішінде орналасқандарын қоспағанда, сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлікке жатпайтын тауарларды өткізетін сауда желілері, көтерме-тарату орталықтары, сауда-фермер орталықтары, ауданы 1 мыңнан 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер де ортақ тәртіпке бағынады.
Сондай-ақ Ashyq бағдарламасы бойынша демалыс күндерін қоспағанда, жабық және ашық базарлар (азық-түлік және өнім емес) сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Демалыс күндері қала ішіндегі тұрақты маршруттық автобустар мен шағын автобустардың қозғалысы тоқтатылады.
Облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин бұл шектеу шараларының карантиндік режімді уақытша қамтамасыз ету және халықтың қауіпсіздігі үшін енгізілгенін айтады. Бүйтпесе, коронавирус инфекциясы бойынша жағдайды тұрақтандыру мүмкін болмайтын түрі бар.
– Эпидемиялық ахуал жақсарған жағдайда ғана бұл шектеулер қайта қаралатын болады. Барлық карантин шараларын қатаң сақтауға, вакциналаудың толық курсынан өтуге және өзін өзі емдемеуге шақырамын, – деді Ю.Залыгин.
Вакцина демекші, облыста 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін 380 793 адам алған екен. Ал екі компонентті толығымен алғандардың саны 255 934 адамға жеткен. Бүгінде өңірде тұрғындарды вакциналау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Қазіргі уақытта облыстың қалалары мен аудандарында өткізу қабілеті тәулігіне 8 мыңнан аса адамды құрайтын 115 екпе кабинеті жұмыс істеп тұр. Мобильді медициналық бригадалар кәсіпорындар мен ұйымдарға барады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев өңірде вакцинаның үш түрі – Спутник V, QazVac және CoronaVac препараттарының жеткілікті екенін айтады.
Ал денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлегенова екпе алу бойынша көш басында күштік құрылымдардың тұрғанын мәлім етті. Бұл саладағы қызметкерлер түгелге дерлік вакциналанған екен. Одан кейінгі орындарда медицина саласының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері келеді.
Осы орайда Бибігүл Төлегенова вакцина алған адамдар арасында да ауырып жатқандардың бар екенін айтты. Мәселен, бүгінде екпе салдырған 206 адам сырқатқа шалдыққан. Бұл жерде олардың 73%-ның тек бірінші компонентті алғанын атап өту керек. Ал қалғаны екінші компонентті алғаннан кейін екі аптаға жетпей ауырған. Яғни олардың ағзаларында тиісті иммунитет қалыптасып үлгермеген болса керек.
Қазіргі таңда облыста «жаман тұмаумен» ауырған науқастарға арналған 5 679 төсектік орын бар екен. Жалпы алғанда жүктеме 52,3%-ды құрайды.
Облыстың бас дәрігері өңірде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығайтылғанын айтады. Бүгінде 26 компьютерлік томограф жұмыс істеп тұр, оның ішінде 22-сі КВИ бар пациенттердің өкпе жүйесінің зақымдануын диагностикалауға қатысады. Сонымен қатар 40 сандық рентген-қондырғы, 364 ӨЖЖ аппараты бар. 25 ауруханада медициналық газ таратудың орталықтандырылған жүйесі жұмыс істейді. Тәулігіне 15,6 мың сынаманың тәуліктік қуаты бар 10 ПТР-зертхананың жұмысы қамтамасыз етілген. Қорда қосымша 140 мың тест бар екен.
Бұдан бөлек пациенттерге үйде қызмет көрсету үшін санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген 329 емханалық мобильді бригада жұмыс істейді. Жедел медициналық көмекті 105 бригада көрсетеді. Эпидемиялық жағдай нашарлаған жағдайда, маршрутқа тағы 20 қосымша бригада шығарылады. Медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдарының үш айға жететін қоры бар.
Қарағанды облысы
БҚО-да жел сот ғимаратының шатырын ұшырып әкетті
Аймақтар • Бүгін, 22:55
Тоқаев пен Путиннің кездесуі 2,5 сағатқа созылды
Президент • Бүгін, 22:22
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:30
ШЫҰ мүше-мемлекеттері Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары кездесті
Қоғам • Бүгін, 20:43
Қазақстан Президенті Ресей басшысымен келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 20:12
ТМД саммиті қазан айында өтеді
Президент • Бүгін, 19:56
Қ.Тоқаев: Қазақстан мен Ресейдің болашағына қатысты пессимистік болжам айтуға ешқандай негіз жоқ
Президент • Бүгін, 19:52
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 19:22
«Қарағанды-Балқаш» тас жолындағы айналма жолдардың саны 94%-ға азайды
Аймақтар • Бүгін, 18:55
«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды
Футбол • Бүгін, 18:25
«AMANAT» шенеуніктерді жауапкершілікке тартады
Қоғам • Бүгін, 18:07
Велосипед мінген баланың кесірінен екі көлік соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 17:50
СҚО-да жеті айда 464 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Алматыда қала құрылысының кеңесі құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды
Президент • Бүгін, 17:07
Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы 10 миллиард теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 16:57
Елордада Әуезов көшесі уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:40
Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Мектеп директорларының жалақысы өсуі мүмкін
Білім • Бүгін, 16:09
Оқу үлгерімі төмен оқушылар үшін арнайы жоба іске қосылады
Білім • Бүгін, 15:58
Екі облыста дін мәселелері туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Жыл басынан бері елордада 456 өрт тіркелді
Елорда • Бүгін, 15:35
Ақтауда жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 15:21
«Болашақ» тағылымдамасына құжат қабылдау қашан басталады
Білім • Бүгін, 15:09
Көлік полициясы есірткі тарату арнасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 14:50
Нұр-Сұлтанда мектеп салынатын учаскелер белгіленді
Елорда • Бүгін, 14:38
Қазақстанның екі қаласынан Вьетнамға әуе рейстері қатынайды
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Атырау облысында әскери қызметші көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді
Білім • Бүгін, 13:52
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 13:38
Алматыда алаяқтық дерегіне қатысты күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:23
Елімізде бір жылда қант 86,6% қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 12:51
Жер кадастры базасының жұмысы толық қалпына келтірілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Өскеменде есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:12
Елордада Орталық Азия волонтерлер форумы басталды
Елорда • Бүгін, 11:58
Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді
Оқиға • Бүгін, 11:50
Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 11:48
Ақмолада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Жыл соңына дейін елімізде 5 ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 11:16
Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 10:59
Ұқсас жаңалықтар