Аймақтар • 03 Тамыз, 2021

Мас күйінде көлік жүргізген өскемендік сотталды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішімдік ішіп көлік тізгіндеген Өскемен тұрғыны көлік құралын басқару құқығынан айырылып, бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мас күйінде көлік жүргізген өскемендік сотталды

Өскеменде 21 жастағы жүргізуші мас күйінде шетелдік көлікті басқарып, түнгі уақытта азық-түлік дүкенінің алдындағы тротуарға кіріп, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде, әйел орташа дене жарақатын алды. 

Сотталушының айтуынша, жол-көлік оқиғасын жасау сәті есінде жоқ. Ол сыра ішіп алып, азық-түлік дүкеніне баруды шешкен.

Сот 21 жастағы жігітті сот залынан қамауға алу туралы шешім шығарып, алты айға бас бостандығынан айырды. Айыпталушы жазасын тек колонияда өтеп қоймай, 10 жылға көлік жүргізу құқығынан да айырылды.