Сариев сот шешімімен екі айға, яғни 30 қыркүйекке дейін мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Ол «Құмтөр» алтын кенішін игеру жобасын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталды.
«Біз сот шешімімен келіспейміз. Тағылған айыптаулар ойға қонымсыз. Еш дәлелі жоқ және Қырғыз Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес келмейді. Біз бұл шешімге жоғары органдарға шағымданамыз», деді адвокат Тимур Сұлтанов.
Айта кетейік, екі айға парламенттің бұрынғы және қазіргі депутаттары Төрөбай Зұлпукаров пен Исхак Пирматов та ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Бұрынғы Премьер-Министр Өмурбек Бабанов, Парламенттің бұрынғы спикері Асылбек Жээнбеков және Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Тайырбек Сарпашев сот шешімімен қамауға алынды. Ал 3 тамызда экс-премьер Темир Сариев ұсталды. Олардың жақтастары бұл тұтқындаулардың саяси астары бар деп санайды.
Бұған дейін Бішкектің Первомай аудандық соты тергеумен ынтымақтастықта болғаны үшін депутат Талант Ұзақбаев, Алмазбек Баатырбеков пен Исхак Пирматовты қамаудан босатты. Өмурбек Бабановқа қатысты да бұлтартпау шарасы өзгертілді. Ол емделу үшін шетелге ұшады.
Бұрынғы Президент Асқар Ақаев та Бішкекке келді, ол да «Құмтөр» ісі бойынша тергеумен ынтымақтасуға келісті.