Мұхиттың арғы бетіндегі жеке коллекциялардағы бай мұраларды қамтыған альбомды әзірлеу жұмыстары екі жыл бойы жүргізілген.
Айта кету керек, бірегей басылым «Әлем коллекцияларындағы Өзбекстанның мәдени мұрасы» жобасы аясында жүзеге асырылды. Аталған еңбек оқырмандарға Америка мен Канада жеке коллекцияларындағы өзбек жәдігерлерінің алуан түрлерімен танысуға мүмкіндік береді. Альбомда бағалы және бірегей жәдігерлер сапалы фотосуреттермен көркем безендіріліп берілген.
Бағалы еңбектің бір ерекшелігі – мақалалардың бір бөлігін коллекция иелерінің өздері, ал екінші бөлігін оларды зерттеген мамандар жазған.